Усть-Каменогорск
ясно
+17°
  • Усть-Каменогорск
    +17°
  • Алматы
    +20°
  • Нур-Султан (Астана)
    +19°
  • Актобе
    +8°
  • Форт-Шевченко
    +12°
  • Атырау
    +11°
  • Караганда
    +20°
  • Кокшетау
    +6°
  • Костанай
    +6°
  • Кызылорда
    +22°
  • Павлодар
    +18°
  • Петропавловск
    +6°
  • Тараз
    +20°
  • Уральск
    +6°
  • Шымкент
    +24°
$
514.94
583.74
¥
70.56
6.13
Курсы Национального Банка РК

Звоните, если вы стали очевидцем происшествия, ваши права нарушены, или хотите поднять проблему

Қылмыстық істерді де бейбіт шешуге болады

Медиаторлар қылмыстық істерді шешуге де қолғабыс ете бастады. Бұл жайында Өскемен қаласында өткен "Медиация - заман талабы" атты халықаралық конференция кезінде айтылды

Шығыс Қазақстан облыстық соты медиаторлар бұған дейін тек әкімшілік және азаматтық істерді ғана шешуге араласса, қазір қылмыстық істерді де реттеуге араласа бастаған.

- Былтыр облыс бойынша медиациямен 890 іс қаралып, бейбіт шешілген болса, оның ішінде пайыздық үлесі жағынан қылмыстық істер көп болып отыр. Шамамен, 30%-дан астамы қылмыстық іс қысқартылды, - дейді облыстық соттың төрағасы Нұрлан Қайырбеков.

Қазіргі уақытта аудандар мен қалаларда араз жандарды татуластырып, қырғи қабақ істерді ымыраға келтіретін ақсақалдар кеңесі, билер кеңесі сынды дәстүрлі институттар да құрыла бастады. Облыста 80-нен аса медиация кабинеті бар.

- Сотқа шағымданған жандардың кейбірі үкіммен келіспей, көңілі толмай жатады. Ал медиацияның артықшылығы да сол - қос тараптың да көңілін тауып, риза етеді. Оның үстіне, медиацияға жүгіну тегін. Қазір қылмыстық істерді де медиациямен шешу тәжірибесі қолданыла бастады. Бас жарылса, бөрік ішінде, қол сынса, жең ішінде дейді ғой. Жаңылмайтын жақ, сүрінбейтін тұяқ жоқ қой. Кей азаматтар байқамай қылмысқа барып жатады. Ондайларды кешіріп, қарсы тарапты қанағаттандыруға болады, - дейді конференцияға қатысушы, ҚР Судьялар Одағының төрағасы Мұсабек Әлімбеков.


Следующая →