Усть-Каменогорск
пасмурно
-8°
  • Усть-Каменогорск
    -8°
  • Алматы
    -8°
  • Нур-Султан (Астана)
    -16°
  • Актобе
    -17°
  • Форт-Шевченко
    +1°
  • Атырау
    -5°
  • Караганда
    -21°
  • Кокшетау
    -16°
  • Костанай
    -15°
  • Кызылорда
    -8°
  • Павлодар
    -19°
  • Петропавловск
    -16°
  • Тараз
    -10°
  • Уральск
    -13°
  • Шымкент
    -10°
$
514.65
544.6
¥
70.84
5.17
Курсы Национального Банка РК

Звоните, если вы стали очевидцем происшествия, ваши права нарушены, или хотите поднять проблему

Жазасын өтеушілер жұмыспен қамтылуда

Сотталғандарды жұмыспен қамту - жаза мерзімін өтеу мекемелерінде тәртіпті сақтау шраларының бірі болып табылады

Қоғамдық пайдалы еңбекте адам өзінің физикалық және кәсіптік сапасын қалыптастырады, күшейтеді және негізгі адамгершілік сапасын дамытады. Түзеу мекемесі әкімшілігінің ең басты міндеті - сотталғандарды ақылы жұмыспен қамту. Сол себепті де мекеме басшылығы неғұрлым көбірек сотталғандарды жұмыспен қамтуға тырысады. Бұл үшін мекеме аумағына мекемедегі өнеркәсіптік аймақтар талаптарына сай кәсіпкерлер тартылып, жұмыс орындарымен қамтамасыз етеді.

- Бүгінгі таңда ОВ-156/2 мекемесінің аумағында өзінің кәсіпкерлігін ашып және жұмыс істеп жатқан 9 кәсіпкер бар, - дейді ОВ 156/2 мекемесінің сотталғандардың еңбегін ұйымдастыру бойынша тобының аға инспекторы әділет майоры С. Ускембаева. - Оның ішінде ағаштан жасалатын бұйымдар өндірісі, жиһаз заттары, тігін өнімдері, газобетон блоктары, темірден жасалатын бұйымдар, құс өсіру, көлік жөндеу бойынша ТҚС. Жалпы осы кәсіпорында 135 сотталған жұмыс істеуде.

Бұдан басқа, өнеркәсіптік аймақтарда "Еңбек-Өскемен" РМҚ кәсіпорны жұмыс жасауда. Мұнда (темір өңдеу, арнайы киімдер тігу, төсек орынға керек жабдықтар, нан, ұн, макарон өнімдері, көлік жөндеу) халыққа және түзеу мекемелеріне қажетті тауарлар шығарылады. "Еңбек-Өскемен" РМҚ кәсіпорындарында 147 сотталған жұмысқа орналастырылған.

- Өнеркәсітік учаскелерінен басқа, мекемеде шаруашылық қызмет көрсету лауазымдары бар. - дейді аға инспектор. - Олар аспазшы, асхана жұмысшысы, қызмет орындарының тазалаушысы, аумақ тазалаушысы, кір жуу кешені бойынша жұмысшы, кітапханашы, аяқ-киім жөндеуші, санитарлар. Осындай лауазымдарда 32 азамат жұмысқа орналастырылған. Сотталғандар жасына, еңбекке жарамдылығына, арнайы машықтарына және жұмыс тәжірибесіне қарай лайықты жұмысқа орналастырылады.

2019 жылдың ақпан айының қортындысына сәйкес, мекемеде жалпы 421 сотталған бар болса, еңбекке жарамдысы – 328. Оның 314-і еңбекпен қамтылған. Яғни, мекемеде еңбекке жарамды сотталғандардың 95,7%-ы ақылы еңбекпен қамтылған.

Сонымен қатар, мекеме Өскемен қалалық № 2 колледжімен де жұмыс істеуде. Сотталғандар 7 мамандық бойынша оқытылады. 2018 жылы 76 сотталғанға диплом беріліп, осы мамандықтармен бос жұмыс орындарына жұмысқа орналастырылды,

- Кәсіптік жарақат алушылықтың алдын алу мақсатында сотталғандармен техника қауіпсіздігі және еңбек қорғау шараларына аса көңіл бөлінеді, сол себепті сотталғандар арасында үнемі нұсқама жүргізіледі. Сотталғандарды жұмыс шарттары, қауіпсіздік шаралармен қамтамсыз ету маңызды факторларының бірі және бұл сотталғандардың жұмысқа деген құштарлығы болып табылады, - дейді аға инспектор.

Ақылы еңбекпен қамтылған сотталғандар қылмыс жасап, келтірген залалдарды өтейді. Сондай-ақ өз отбасыларына, балаларына көмек көрсетеді. Еңбекке, техникалық қауіпсіздікке және сапалы еңбек міндеттерін орындауы сотталған азаматтардың түзелуіне баға берілуінің негізгі критериі болып табылады, сондай-ақ сотталғандарға мінездемелік материалдар және алғыс хат берілуі оларды ынталандырады. Еңбек сотталғандардың ойының ғана емес, олардың қылықтарының өзгеруіне түбегейлі әсерін тигізеді.

Следующая →