Усть-Каменогорск
ясно
+28°
  • Усть-Каменогорск
    +28°
  • Алматы
    +27°
  • Нур-Султан (Астана)
    +25°
  • Актобе
    +20°
  • Форт-Шевченко
    +26°
  • Атырау
    +25°
  • Караганда
    +26°
  • Кокшетау
    +23°
  • Костанай
    +20°
  • Кызылорда
    +30°
  • Павлодар
    +29°
  • Петропавловск
    +24°
  • Тараз
    +25°
  • Уральск
    +19°
  • Шымкент
    +29°
$
465.28
+0.56
499.2
+2.88
¥
64.1
+0.10
5.33
-0.07
Курсы Национального Банка РК

Звоните, если вы стали очевидцем происшествия, ваши права нарушены, или хотите поднять проблему

Құқықбұзушылық саны азайып келеді

Мемлекеттік саясаттың негізгі басымдықтарының бірі – сыбайлас жемқорлықпен күрес

Осыған орай Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаментінде ауқымды іс-шаралар өткізілуде.

Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаментінің Персоналмен жұмыс және ішкі қауіпсіздік басқармасы басшысының міндетін атқарушы Альмира Алипованың айтуынша, сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет бойынша қызметті ұйымдастыру, әділет органдарының сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бойынша жұмысының тиімділігін арттыру, әділет органында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша шаралар қабылдау үшін сыбайлас жемқорлыққа қарсы кеңес құрылды. Кеңес отырысында оның Ережесі, құрамы бекітіліп, 2019 жылға арналған жұмыс жоспарына ауқымды шаралар енгізілді.

Қоғамның бәсекеге қабілеттілігі, оның ішінде жастарды бақылау, шенеуніктердің жемқорлық әрекеттерін анықтау және болдырмау жергілікті мәселелерді зерттеудің арқасында артады. Сыбайлас жемқорлықпен күресу үшін қоғамның барлық жігінің жүйелі түрдегі күш-жігері қажет.

Осы орайда, Департаменттің Әдеп жөніндегі уәкілінің атқаратын рөлі үлкен. Ішкі мониторинг жасау арқылы, сыбайлас жемқорлықтың тәуекелдерін анықтап, қызметкерлер арасында түсіндірме жұмыстарын жүргізу сыбайлас жемқорлықтың алдын алудың бірден-бір шарасы болып табылады.

Осындай жұмыстар негізінде, өткен жылдармен салыстырғанда әділет қызметкерлері арасында құқықбұзушылық саны жылдан жылға азайып келе жатқандығы байқалады.

- Өткен жылы Әдеп кодексі нормаларын бұзуға байланысты фактілер тіркелген жоқ (2017ж.–7). Сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылық жасағандары үшін әкімшілік және қылмыстық жауапкершілікке тарту фактілері және теріс себептермен жұмыстан босату фактілері орын алған жоқ, - дейді Альмира Милатқызы. - Алайда, атқарылып отырған шараларға қарамастан, 2018 жылы Департамент қызметкерімен мемлекеттік қызметке кір келтiретін 3 тәртіптік теріс қылық жасау фактісі анықталып (2017ж.-1), барлығы тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

Сонымен қатар, мониторинг нәтижесінде 28 әкімшілік құқықбұзушылық жасау фактілері анықталған (2017ж.-24).

- Басқарма, бөлім басшыларының өздерінің осы тізімде болуы мемлекеттік қызметкерлерге жат қылық екендігін ескере отырып, профилактикалық жұмыстар жүргізу жоспарланды. Жол полициясы қызметкерінің қатысуымен өткізілген семинар барысында (31.01.2019ж.), облыс көлеміндегі статистикалық мәліметтер келтіріліп, заңды бұзушылықтың қандай зардапқа әкелетіні түсіндірілді, - дейді Альмира Милатқызы.

Жоғарыда аталған бағыттарда жұмыс үнемі жүргізілуде және Департамент басшылығы тарапынан бақылауға алынған.

Следующая →