Усть-Каменогорск
ясно
-11°
  • Усть-Каменогорск
    -11°
  • Алматы
    +5°
  • Нур-Султан (Астана)
    -10°
  • Актобе
    -5°
  • Форт-Шевченко
    +9°
  • Атырау
    +3°
  • Караганда
    -8°
  • Кокшетау
    -13°
  • Костанай
    -12°
  • Кызылорда
    +3°
  • Павлодар
    -8°
  • Петропавловск
    -13°
  • Тараз
    +7°
  • Уральск
    -6°
  • Шымкент
    +8°
$
499.51
+0.96
525.83
+1.55
¥
68.9
+0.14
4.62
-0.13
Курсы Национального Банка РК

Звоните, если вы стали очевидцем происшествия, ваши права нарушены, или хотите поднять проблему

Аймақта халық саны азайды

Аймақта халық саны азайып барады. Бұл өзекті мәселе сарапшылардан бөлек, Үкіметті де алаңдатып отырғаны рас

2018 жылдың басынан бері облыс халқының саны 2017 жылға қарағанда 5 мың адамға азайды. Аймақтан халықтың үдере көшуіне жалақының аздығы мен этникалық орыстардың Ресейге бет бұруы себеп болған.

Жалпы қазіргі уақытта облыс халқының саны 1 млн 378 мың 504 адамды құрады. Олардың 62 пайызы қала және 38 пайызы ауыл тұрғындары.

- 2018 жылы облыс халқының саны 5053 адамға азайды. Халық санының кемуі Ақмола, Қарағанды, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан және Шығыс Қазақстан облыстарында байқалады. Басқа облыстың 5 өңірінде халық санының көбейгені тіркеліп отыр, - дейді ШҚО Әлеуметтік және демографиялық статистика басқармасының басшысы басшысы Асхат Өмірзақов.

Асхат Қызырбекұлының айтуынша, аймақтардың этнодемографиялық паспортында аймақтардағы халықтың саны, соның ішінде, әр ұлттың үлесі, сол ұлт өкілдерінің көшу, туу, өлім-жітім көрсеткіштері, халықтың құрамы, еңбекке жарамды адамдардың саны, әлеуметтік жәрдемақы, зейнетақы алатын адамдардың демографиялық салмағы сияқты нақты факторлар көрсетілген. Тұрғындардың басым бөлігінің таңдауы Ресейдің Омбы, Қорған облыстары мен Астана мен Алматы қалаларына түсіпті.

- Өткен жылы 14 224 адам қайтыс болды. Қайтыс болғандардың 53,2%-ы - ерлер, 46,8%-ы - әйелдер. Аймақта өлім-жітім коэффиценті де республикадағы ең жоғары көрсеткіштердің бірі. Туу көрсеткіші төмен және өлім-жітім көрсеткіші жоғары өңірлерден Алтай, Шемонаиха аудандары мен Риддер, Курчатов қалаларында, ал табиғи кему Глубокое, Алтай, Шемонаиха, Риддер, Курчатов қаласында байқалады, - дейді Асхат Өмірзақов.

Тіпті өңірдегі нәресте өлімі былтырғы жылмен салыстырғанда 11 пайызға азайғанымен, бұл көрсеткіш халық санының өсуіне әсер ете алмапты. Облыс немесе аудан орталықтарынан шалғайда жатқан ауылдардың құрып бара жатқаны республика деңгейіндегі өзекті мәселеге айналды. Қазіргі деректер бойынша Шығыс Қазақстанда ауыл халқының саны да азайып бара жатыр. Ауыл тұрғындарының үлесі - шамамен 38 пайызды құрап отыр.

Следующая →