Усть-Каменогорск
пасмурно
-6°
  • Усть-Каменогорск
    -6°
  • Алматы
    -5°
  • Нур-Султан (Астана)
    -11°
  • Актобе
    -11°
  • Форт-Шевченко
    +3°
  • Атырау
    -3°
  • Караганда
    -10°
  • Кокшетау
    -8°
  • Костанай
    -10°
  • Кызылорда
    -3°
  • Павлодар
    -8°
  • Петропавловск
    -9°
  • Тараз
    -4°
  • Уральск
    -9°
  • Шымкент
    -4°
$
523.86
-0.16
544.34
-0.85
¥
71.77
-0.05
5.11
+0.02
Курсы Национального Банка РК

Звоните, если вы стали очевидцем происшествия, ваши права нарушены, или хотите поднять проблему

Жемқорлықтың көкесі Көкпектіде

ШҚО жемқорлық фактісі бойынша республикада көш бастап тұрса, ал Көкпекті ауданы барлық қала мен аудандардың арасында бұл қылмыс бойынша "атаманы" болып отыр

Сондай-ақ, ауданда тек 2018 жылы ғана 45 мемлекеттік қызметкер жұмыстан кеткен. Мемлекеттік қызметкерлердің статусын 
ауданда кімдер түсіріп отыр?

Бұл ауданда жемқорлыққа қарсы іс-шаралар өтпейді емес. Алайда мұндағы іс-шаралар баннерлер ілу, флешмоб өткізу, брошюралар тарату, ақпараттарды LED-экраннан көрсетіп қана шектелетіні белгілі болды. Сол себепті аймақтағы сыбайлас жемқорлық бойынша Ұлттық бюро формалды атқарылған шаралардың шынайы көрініс бермегеніне наразы. Оған қоса, әкімдіктің тарапына айтылып жатқан сын да күн санап өршіп барады.

- Аудандағы мемлекеттік қызметкерлерге және көрсетілетін мемлекеттік қызметтер тұрғындардың өкпесі қара қазандай. Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша 2017 жылы 140, 2018 жылы 109 заңсыздық анықталған. Аудан әкімдігінің басшылығына қатысты жағымсыз пікірлер көп. Оны, тіпті, әлеуметтік желілерде де аңғардық, - дейді Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ШҚО бойынша департамент басшысының орынбасары Қайрат Сапарғалиев. - 2018 жылы "Юпитер" зерттеу орталығымен әлеуметтік зерттеу жүргізілді. Белгілі болғандай, Көкпекті - аймақтағы ең сыбайлас жемқорлық жайлаған өңір екені анықталды.

Ауданда, әсіресе, білім саласына қатысты атышулы істер көп. Білім беру бөлімінің мектепке дейінгі және жалпы білім беру мекемелерінде бірнеше сыбайлас жемқорлық фактісі әшкереленіп, мемлекетке 32 млн теңге залал келтірген. Сондай-ақ, жергілікті атқарушы органның 3 мемлекеттік қызметкері істі болып, жауапқа тартылды.

- Жоспардан тыс тексеріс барысында ауданның құрылыс бөлімі және тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, автомобиль жолдары мен жолаушылар көлігі бөлімінің басшысына қатысты тәртіптік жаза қолданылды. Көбінесе мемлекеттік сатып алу, яғни, тендер, заңсыз жалақы аудару мен жалған жұмысқа орналастыру, жер қатынастарына байланысты фактілер орын алған, - деп мәлімдеді Қайрат Нұрғазыұлы.

Қарамағындағыларды уысынан шығарып алғаны үшін жер қатынастары мәселелеріне жетекшілік ететін әкімнің орынбасары Марат Теміржанов, білім беру бөлімінің басшысы Шолпан Мус-тафинова және жер қатынастары бөлімінің бұрынғы басшысы Бахтинов жауапқа тартылды. Дегенмен сол уақытта білім беру саласына жауапты болған әкімнің орынбасары Дәурен Қойгелдинге аудан аппаратының басшысы, аудандағы Әдеп жөніндегі жауапты маман Раушан Кемербаеваның ешқандай шара қолданбағанына наразы.

- Этикалық кодексте тек қана мемлекеттік қызметкер ғана жауапқа тартылмайды, оған жауапты басшы да жазалануы тиіс. Сондықтан бұл мәселені қайта қарап, оларға қатысты жаза тағайындауды сұраймын, - деді департамент басшысының орынбасары.

Ал отырысқа шақырылған аудан әкімі Асхат Смаилов отырыс белгіленген күнге дейін демалыс алып, жауапты жиынға келмегені Әдеп жөніндегі кеңесте күмән туғызды. Әкім орнына жиынға әкімнің міндетін атқарып отырған орынбасары Жасұлан Майкенов келді. Жауапты лауазымға тағайындалғанына небары 5 ай ғана болған Жасұлан Талғатұлы да аудандағы жағдайдың мәз еместігін растап отыр.

- Дегенмен мониторинг жүргізіліп, жиындар, дөңгелек үстелдер өткіземіз. Көптеген білім беру мекемелерінде 1С бухгалтерлік бағдарлама болмаған, ол бағдарламаларды орнатудамыз. Енді бақылауға мүмкіншілік туады, - деп Жасұлан Майкенов "ауданның қазіргі халі не болып жатыр?" деген сұраққа ақталғандай жауап қатты.

Осылайша орынбасарларын жиынға жіберген аудан әкімінің аудан аумағындағы білім мекемелерінде не болып, не қойып жатқандығынан бейхабар екені белгілі болды немесе бір ауылда орналасқан екі мекеме - аудандық білім бөлімі мен оның қарамағындағы білім беру мекемелерінің "илеп жүргендері бір терінің пұшпағы болса да" өз алдарына бөлек-бөлек "мемлекет".

- Жалпы аудандағы болып жатқан жағдайға әкімнің өзі тікелей жауапты. Облыс әкімінің қатысуымен болатын комиссия отырысында қажетті шешімдерді қабылдаймыз. Сауалнама нәтижелері мен қылмыстық істер саны - Көкпектінің сыбайлас жемқорлық бойынша облыста көш бастап тұрғанын көрсетті. Бірнеше мемлекеттік қызметкердің және 30 білім беру мекемесінің 7-еуіне қатысты қылмыстық іс қолда бар. Бұл - тек сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттіктің анықтағаны. Жағдай өте күрделі, - деп атап өтті Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттіктің ШҚО бойынша департаментінің басшысы Жанна Қабдолдақызы.

Жиын соңында аудан әкімі аппаратының басшысы Раушан Кемербаевадан Көкпекті ауданы әкімінің орынбасары Дәурен Қойгелдинге қатысты шара қабылдауды талап етті.

Следующая →