Усть-Каменогорск
облачно
+7°
  • Усть-Каменогорск
    +7°
  • Алматы
    +11°
  • Нур-Султан (Астана)
    +3°
  • Актобе
    +11°
  • Форт-Шевченко
    +15°
  • Атырау
    +12°
  • Караганда
    +5°
  • Кокшетау
    +3°
  • Костанай
    +4°
  • Кызылорда
    +12°
  • Павлодар
    +6°
  • Петропавловск
    +2°
  • Тараз
    +10°
  • Уральск
    +7°
  • Шымкент
    +12°
$
488.11
530.09
¥
68.52
5.01
Курсы Национального Банка РК

Звоните, если вы стали очевидцем происшествия, ваши права нарушены, или хотите поднять проблему

Құқықтық мәдениетті қалыптастыру - бүгінгі күннің өзекті мәселесі

Мемлекет басышысының "Рухани жаңғыру" және "Ұлы даланың 7 қыры" бағдарламаларының аясында өтіп жатқан іс-шараларға қатысты дөңгелек үстел отырысы өтті

Аталмыш іс-шараға Достық үйі – Қоғамдық келісім орталығының, "Нұр Отан" партиясының ШҚО филиалының, "Ақ жол" демократиялық партиясының ШҚО бойынша фиоиалының, Д. Серікбаев атындағы ШҚМТУ-дың, ШҚО сот сараптамасы РМКМ институтың өкілдері қатысты. Сондай-ақ, шараға қатысқан сарапшылар Жастар жылына қатысты пікір-уәждерін де ортаға салды.

- Осы Жастар жылы аясында жол картасы әзірленді. Елбасы бастаған ел ағалары біз сияқты жастарға мол сенім артып отыр. Өз кезегінде Ассамблеяның "Жаңғыру жолы" жастар штабы да жұмысын пысықтап, осы жылға жоспарын әзірлейді. Естеріңізде болса, өткен жылы "Ұлы дала елі" деп аталатын жастардың экологиялық-туристік экпедициясы болды. Осы шараға да белсене атсалыстық. Абай ауданына, Жидебайға, Семей қаласына, Қозы Көрпеш - Баян сұлу кесенесіне, "Берел" қорымы және тағы басқа жерлерге жастарымыз сапар шекті. Биыл да осы қарқында жұмыстар жалғасын табатын болады. Қазір де біздің тарапымыздан өтетін барлық шарада жастардың өздері қатысуыларына ықпал етудеміз, - деді Достық үйі – Қоғамдық келісім орталығы директорының орынбасары Равиль Юнусов.

Мекеменің атқарған шараларына қызығушылық танытқан ШҚО Әділет департаменті басшысының орынбасары Ермек Қорабаев алдағы уақытта шараларды бірлесіп атқаруға өз ұсынысын білдірді.

- Осындай отырыстарда жастармен жиі кездесіп, олардың мәселерін ортаға салуымыз керек. "Рухани жаңғыру" бағдарламасы өзімізден бастау алады. Бағдарламамен қандай нәтижеге жетеміз? Кім оған жауап береді? Бағдарламамалар бар, алайда оны жүзеге асыруға кімнің жауапты екені белгісіз күйде қалатыны жасырын емес. Мақсаттарын анықтап алып жастарға жеткізуіміз керек, - дейді Д. Серікбаев атындағы ШҚМТУ-дың Қазақстан тарихы және әлеуметік-саяси кафедраның аға оқытушысы Алпамыс Тоқсанбаев.

Ұстаздың айтуынша, бүгінде ЖОО мен мектептерде құқық негіздері пәндерінің сағаттары қысқартылып жатыр. Бұл жастардың құқықтық сауаттылығының төмендеуіне әкеліп соқтыруы мүмкін.

- Мемлекеттік қызмет істері агенттігіне пән сағаттарын қайтару бойынша қолдау білдіру туралы ұсыныс жасадық. Ешқандай нәтижеге жетпедік. Енді Әділет департаментінің атынан сіздер сағаттарды көбейтуге Министірлікке ұсыныс тастасаңыздар, бәлкім, қолдау білдірер, - дейді Алпамыс Тоқсанбаев.

Универсиетте бүгінде "Әділет" клубы жұмыс істеп тұр. Клуб әр түрлі құқықтық шараларды ұйымдастырып, Полиция депратментінің жұмыстарын университетте жүйелі жұмыс істеуін қамтамасыз етеді. Осы орайда жастардың құқықтық және діни сауаттылығын жетілдіру бағытында әлі де атқарылар шаралар көп.

Следующая →