Усть-Каменогорск
ясно
-12°
  • Усть-Каменогорск
    -12°
  • Алматы
    +1°
  • Нур-Султан (Астана)
    -3°
  • Актобе
    -3°
  • Форт-Шевченко
    +8°
  • Атырау
    -2°
  • Караганда
    -4°
  • Кокшетау
    -6°
  • Костанай
    -5°
  • Кызылорда
    +2°
  • Павлодар
    -11°
  • Петропавловск
    -10°
  • Тараз
    +1°
  • Уральск
    -3°
  • Шымкент
    +8°
$
498.51
+0.17
522.84
+3.12
¥
68.81
+0.02
4.81
-0.04
Курсы Национального Банка РК

Звоните, если вы стали очевидцем происшествия, ваши права нарушены, или хотите поднять проблему

ШҚО-да топырақ құрамының электронды картасы жасалады

Электронды карта құрылмас бұрын үш жыл бойы зерттеу жұмыстары жасалады, ал бұған дейін екі жылдай зерттей жасалған

Қазақстанда 2017 жылы ауыл шаруашылық жерлерін дамыту мақсатында 2021 жылға дейін "Мемлекеттік жер кадастры мәліметтерін құру" туралы бағдарлама іске қосылған.

Аталған бағдарлама аясында облыс аумағындағы жерлердің топырақ құрамы зерттеліп, құнарлылығы анықталады. Бұл жер ресурстарын үнемдеп пайдалануға, шаруашылық нысандарын дұрыс салу мен жердің егін егуге, мал бағуға қаншалықты жарамды екендігін білуге мүмкіндік береді.

Биыл облыста 450 мың гектар жердің топырағы зерттеліп, 400 мың гектар жердің құнарлық құрамы анықталады. Соның арқасында 450 мың гектар жердің электронды картасы құрылады, - дейді "Азаматтарға арналған үкімет" МК" КЕ АҚ ШҚО филиалының жерлерді іздестіру, мониторингілеу және зертханалық зерттеулер басқармасының басшысы Мұхтархан Болжиров.

Зерттеу жұмыстарының нәтижесінде ауылды жерлер мен қала маңындағы жер телімдерінің картограммасы жасалып, топырақтың сапасы жайлы мәліметтер толықтырылған электронды карта жасалмақ.

Ал биыл Үржар, Жарма, Көкпекті, Алтай, Шемонаиха, Күршім мен Катонқарағай, Бесқарағай аудандарында зерттеулер жүргізіледі.

Следующая →