Усть-Каменогорск
ясно
-10°
  • Усть-Каменогорск
    -10°
  • Алматы
    +3°
  • Нур-Султан (Астана)
    -7°
  • Актобе
    -4°
  • Форт-Шевченко
    +10°
  • Атырау
    +3°
  • Караганда
    -5°
  • Кокшетау
    -8°
  • Костанай
    -8°
  • Кызылорда
    +3°
  • Павлодар
    -10°
  • Петропавловск
    -10°
  • Тараз
    +4°
  • Уральск
    -5°
  • Шымкент
    +10°
$
498.55
+0.04
524.28
+1.44
¥
68.76
-0.05
4.75
-0.06
Курсы Национального Банка РК

Звоните, если вы стали очевидцем происшествия, ваши права нарушены, или хотите поднять проблему

Жәрдемақы отбасының табыс көзі болмауы керек

Атаулы әлеуметтік көмек табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің 50%-нан төмен отбасыларға не азаматтарға шартсыз немесе шартты ақшалай көмек түрінде тағайындалады

2019 жылы ең төменгі күнкөріс деңгейінің көлемі – 29 698 теңге болса, айлық есептік көрсеткіш – 2 525 теңге. Шартсыз ақшалай көмек құрамында еңбекке қабілетті мүшелері жоқ отбасыларға (мүмкіндіктері шектеулі адамдардың немесе егде жастағы зейнеткерлердің отбасылары) немесе еңбекке қабілетті мүшелері объективті себептерге байланысты жұмыс істей алмайтын отбасыларға (мысалы, мектепке дейінгі балалары бар жалғызбасты ана) көрсетілуі тиіс.

- 2018 жылы осындай көмек түрі 6854 отбасына жасалды. Ал 2019 жылдың басынан бері 484 отбасы атаулы көмек алуға жүгініп, оларға жалпы сомасы 18, 6 млн теңге көмек көрсетілді. Мұндай отбасыларға жәрдемақы алу үшін жұмыспен қамту шараларына қатысу міндетті емес. Шартты ақшалай көмек кем дегенде еңбекке қабілетті бір мүшесі бар аз қамтылған отбасыларға ұсынылады, бұл орайда қойылатын шарт - жұмыспен қамтудың белсенді шараларына олардың міндетті түрде қатысуы, - дейді ШҚО Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасының басшысы Елена Старенкова.

Осылайша басқарма отбасыларға шартты ақшалай көмек төлеумен қатар, еңбекке қабілетті отбасының мүшелерін жұмыспен қамтуды мақсат етеді. Кейіннен жұмысқа орналастырылады, бұл өз кезегінде аз қамтылған отбасы құрамынан шығуға негіз болады. Алайда бағдарламаға қатысушыларға қойылатын талаптар өзгертіліп, кейбір отбасылар қатыса алмай, көптеген тұрмысы төмен отбасылар бұл бағдарламадан сырт қалып отыр. Талап бойынша әлеуметтік жәрдемақылар отбасының табысы ретінде есептелініп жүр. Бұл өз кезегінде көптеген отбасының наразылығын тудырған.

- Иә, біз бұл мәселемен жақсы таныспыз. Әр отбасының жағдайын, мәселесін жекеше түрде қарастыру керек. Сол үшін министрлікпен арнайы құжат әзірленіп жатыр. Алдағы уақытта ескерілетін болады. Енді отбасының бір мүшесі жұмыссыз отырса, оның жұмысқа тұруына не кәсібін бастауға да уақыт, ынталандыру қажет қой. Кейбір отбасылар мұндай бағдарламалармен тіпті таныс емес, - дейді басқарма басшысы.

Расында, шәкіртақы, зейнетақы, мүгедектік бойынша төленетін жәрдемақылар, балаға төленетін жәрдемақылар отбасының кірісі болып есептелмеуі керек және бұл мәселенің жақын арада шешілетініне үміт бар.

Следующая →