Усть-Каменогорск
ясно
+11°
  • Усть-Каменогорск
    +11°
  • Алматы
    +17°
  • Нур-Султан (Астана)
    +12°
  • Актобе
    +16°
  • Форт-Шевченко
    +18°
  • Атырау
    +15°
  • Караганда
    +10°
  • Кокшетау
    +12°
  • Костанай
    +14°
  • Кызылорда
    +20°
  • Павлодар
    +9°
  • Петропавловск
    +13°
  • Тараз
    +18°
  • Уральск
    +11°
  • Шымкент
    +22°
$
439.43
-2.23
473.31
-1.83
¥
60.98
-0.02
4.82
-0.04
Курсы Национального Банка РК

Звоните, если вы стали очевидцем происшествия, ваши права нарушены, или хотите поднять проблему

Гранттар бірінші болып беріледі

Биылдан бастап облыс колледждеріне бөлінетін тегін білім беру гранттары алдымен көпбалалы және аз қамтылған отбасылардың балаларына берілетін болады

Қазақстанда 2017 жылдан бастап нәтижелі жұмыспен қамту бағдарламасы бойынша тегін кәсіптік білім беру қолға алынған болатын. Бұл бағдарлама бойынша 9-шы және 11-ші сынып бітірген түлектерге колледждерде тегін білім беруге арналған оқу гранттары ұсыныла бастады. Жыл сайын 1700-ден аса грант бөлінеді.

Енді облыстық білім беру басқармасы биылдан бастап аз қамтылған, көпбалалы отбасыларға қолдау білдіру мақсатында оқуға тапсырған үміткерлер арасында көпбалалы отбасыдан шыққан балаларға бірінші болып грант беруді ойлап отыр.

- 2019 жылдан бастап тегін және кәсіптік білім беру жобасы аясында аз қамтылған, көпбалалы отбасының балалары бірінші кезекте оқуға қабылданатын болады. Биыл ақпан-наурыз айларында өңірге ең қажетті деген мамандықтарға мемлекеттік тапсырыс орналастырылғаннан кейін, көпбалалы отбасылардың балаларына жеке мүмкіндік берілетін болады, - дейді ШҚО Білім беру басқармасы басшысының орынбасары Қажұмқан Оспанғалиев.

Ал қазір Шығыс Қазақстанда колледждердің материалдық базасын күшейту, құрал-жабдықтар сатып алу, жаңа әдістемелік құралдарын дайындау бойынша арнайы жұмыстарды қолға алғаны белгілі. 2021 жылға дейін кеңес кезінде жабдықталған колледжердің барлығына жаңа жабдықтар қойылып бітпек. Шығыс Қазақстан колледждерге көңіл бөле бастаған әзірше елдегі жалғыз өңір болып отыр.

Следующая →