Усть-Каменогорск
пасмурно
+16°
  • Усть-Каменогорск
    +16°
  • Алматы
    +14°
  • Нур-Султан (Астана)
    +13°
  • Актобе
    +15°
  • Форт-Шевченко
    +16°
  • Атырау
    +17°
  • Караганда
    +12°
  • Кокшетау
    +10°
  • Костанай
    +13°
  • Кызылорда
    +21°
  • Павлодар
    +17°
  • Петропавловск
    +11°
  • Тараз
    +17°
  • Уральск
    +15°
  • Шымкент
    +18°
$
443.72
+0.28
482.28
+1.77
¥
61.35
-0.01
4.9
+0.02
Курсы Национального Банка РК

Звоните, если вы стали очевидцем происшествия, ваши права нарушены, или хотите поднять проблему

Басшылар өз кабинеттерін босатуы керек

ШҚО-дағы мемлекеттік қызметкерлер отыратын ғимараттардың аумағы ұлан-ғайыр. Бұл туралы облыстық әкімдікте өткен Әдеп жөніндегі кеңесте белгілі болды

Аймақтағы мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттік коммуналдық меншік иелерімен бірлесе отырып, қала мен аудандардағы әрбір мемлекеттік органды аралап, жалпы көлемі 32 мың шаршы метр артық аумақтың меморгандарға тиесілі екенін анықтады. Алайда мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ШҚО бойынша департаментінің басшысы Жанна Қабдолдақызы әріптестеріне ренжулі екенін жасырмады. Себебі қызметтік ғимараттардың шамадан тыс аумақты алып жатқаны, ол аумақтарды сатып немес жалға беруге болатынын, сол арқылы мемлекет қаржысын үнемдеп, қызметкерлерге үстемақы беруге болатыны туралы аталмыш меморгандардың басшыларын құлағдар етсе де, ештеңе естімегендей елемей отырған көрінеді.

- Бұл - тек агенттіктің емес, Президенттің де талабы. Естеріңізде болса, мемлекет басшысы күзде мемлекеттік қызметкердің кеңсесін 3 есе оңтайландыруды тапсырды. Облыстың 436 мемлекеттік органдарының кеңсе кеңістігінің стандарттарын сақтау нәтижелері бойынша мониторинг жүргізілді. Өкінішке орай, нормалар сақталмай отыр, - дейді Жанна Қабдолдақызы.

Мәселен, Семейдегі жеке ғимараттарды босатудың экономикалық тиімділігі 5 миллион теңгені құрайды екен. Алайда Семей қаласының әкімдігі бос жатқан ғимарат аумағын беруге асығар емес. Ол аздай, әкімдіктің ғимаратында банкет залдың бары белгілі болды.

- Бос жатқан жерлерді сатып, қызметкерлердің жалақсына үнемдеуге болатын еді. Ғимараттардың берілу талабы бұзылған, банкет залы мемлекеттік органның ғимаратында болмауы тиіс. Біз мемлекет қаражатына отырмыз, сол үшін қаражатты қалай болса солай жаратпауымыз керек, - деген агенттіктің басшысы талаптардың орындалмағанын айтып, жеме-жемге келгенде банкет залының болмау керектігін сынға алды.

Жанна Қабдолдақызының айтуынша, тіпті, кейбір басшылар өздеріне тиесілі емес қабылдау және демалыс бөлмелері иемденіп алған. Сол себепті аймақтағы барлық меморганның басшыларына наурыз айының соңына дейін қажетті тапсырмаларды орындауды және басшыларға кішкентай жұмыс кабинетін иемденуді, ал бөлім қызмкерлеріне өзі отырған кең бөлмелерін беруді тапсырды.

- Бұл уақыттың талабы, - дейді Жанна Қабдолдақызы. - Ойымызды өзгертетін уақыт жетті. Алматыда Қаратау аудынының сервистік орталыының басшысы қоластындағы қызметкерлеріне өзінің қызметтік кабинетін берген. Одан бөлек, қазір халықпен жақын болуға мүмкіндік тудыратын "опен-спэйс" форматы сәнде, яғни, әйнектен тұрғызылған ішкі қабырғалар да жемісін беруде. Оған аз мөлшерде қаражат шығындалады.


Следующая →