Усть-Каменогорск
ясно
-11°
  • Усть-Каменогорск
    -11°
  • Алматы
    +6°
  • Нур-Султан (Астана)
    -10°
  • Актобе
    -7°
  • Форт-Шевченко
    +7°
  • Атырау
    +3°
  • Караганда
    -6°
  • Кокшетау
    -13°
  • Костанай
    -11°
  • Кызылорда
    +5°
  • Павлодар
    -9°
  • Петропавловск
    -18°
  • Тараз
    +9°
  • Уральск
    -7°
  • Шымкент
    +11°
$
513
+13.49
541.16
+15.33
¥
70.75
+1.85
4.69
+0.07
Курсы Национального Банка РК

Звоните, если вы стали очевидцем происшествия, ваши права нарушены, или хотите поднять проблему

Жаңа автобустар алынады

Семей мен Өскемен қаласына жаңадан автобустар сатып алынатыны бұған дейін де айтылып жүрген еді. Бұл автобустар биыл алынбақ

Өскемен қаласына жаңадан 85 автобус келетін болса, Семейге жергілікті автобус құрау компаниясынан 170 маршрут көлігі сатып алынбақ. Екі қалаға да алынатын автобустардың барлығы несиеге әкелінбек. Тасымалдаушы компаниялар жаңа автобустарға ие бола отырып, банк алдындағы берешекті біртіндеп қайтармақ.

- Өскеменге сатып алынатын автобустарға несие Еуразиялық даму банкінен, Семейге Қазақстан даму банкі мен облыстық бюджеттен алынады. Банк пен үкімет арасында байланыс орнату үшін Өскеменде "Транспорт компаниясы" құрылады. Мұндай мекеменің болғанын банктің өзі қалап отыр әрі ол жолаушы тасымалымен айналыспайды. Кейін Үкімет пен тасымалдаушылар арасында консорциум құрылып, үздік тасымалдаушылар анықталып, автобустар соларға беріледі. Олар он жыл бойы несие қайтарғаннан кейін автобустарды өздері алады, - дейді ШҚО Жолаушылар тасымалы және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Нұржан Жұмаділов.

Ал бұған дейін айтылып жүрген муниципиалды автопарк құрылады деген қауесетті басқарма басшысы жоққа шығарды.

- Өңірімізде мұндай мәселе көтерілген жоқ, - деп атап өтті Нұржан Сайлаубекұлы.

Одан бөлек, жеке меншік серіктестік аясында Өскемен қаласында автобустар мен маршруттардың қайда жүргенін көріп отыруға мүмкіндік беретін ақпараттық жүйе қосылмақ.

- Тұрғындар үйде отырып-ақ автобустардың қозғалысы мен уақытын бақылап отыра алады. Бұл жүйеге қаладағы қоғамдық көліктердің барлығы қосылады. Ал Өскеменде барлығы 57 маршрут бар, - дейді басқарма басшысы.

Сонымен қатар, биыл тек қалалық қоғамдық көліктерге ғана емес, аудандарға қатынайтын маршруттарға да субсидия бөлінбек. Облыс мәслихаты жасап берген әлеуметтік жағынан қолдау қажет автобус хабарламаларының арасына 12 ауданның 65 маршруты енген. Қазіргі уақытта аудан әкімдіктерді мұндай автобус маршруттарына қосымша қаржы бөлу арқылы қолдау мәселесін пысықтап жатыр.

Следующая →