Усть-Каменогорск
пасмурно
+18°
  • Усть-Каменогорск
    +18°
  • Алматы
    +27°
  • Нур-Султан (Астана)
    +22°
  • Актобе
    +31°
  • Форт-Шевченко
    +31°
  • Атырау
    +30°
  • Караганда
    +18°
  • Кокшетау
    +22°
  • Костанай
    +28°
  • Кызылорда
    +32°
  • Павлодар
    +21°
  • Петропавловск
    +23°
  • Тараз
    +29°
  • Уральск
    +29°
  • Шымкент
    +31°
$
475.39
+2.82
513.37
+5.03
¥
65.39
+0.42
5.4
Курсы Национального Банка РК

Звоните, если вы стали очевидцем происшествия, ваши права нарушены, или хотите поднять проблему

Жаңа диспансердің қажеттілігі бар ма?

Аймақта туберкулезбен ауыратындар көрсеткіші 2018 жылы 45,8 пайызға, туберкулезден өлім-жітім көрсеткіші 2,1 пайызға азайды

Облыста туберкулезге шалдыққан адамдардың басым көпшілігі әлеуметтік жағдайы төмен отбасылардан шыққаны белгілі болды. Бұл туралы айтпаса да түсінікті болғанымен, аймақтың бас дәрігері Марат Шорановтың өзі осылай деп мәлімдеген болатын. Ал Бесқарағай, Жарма, Зайсан аудандарында туберкулез ауруынан көз жұмғандар саны 5 пайызға артса, жалпы облыста туберкулез ауруын анықтау жұмыстары қарқын алып жатыр. Марат Шоранов бұл өсімді туберкулезге қарсы жаңа диагностикалық қондырғыларды енгізумен, қатерлі топтарды диагностикалау үшін қақырықтың ген-молекулалық экспертизасын және флюоскринингті белсенді қолданумен түсіндірді. Ал гендік-молекулалық әдіс туберкулездің анықталуын 11%-ға арттырған.

- Соңғы үш жылда аймақтағы туберкулез ауруының көрсеткіші төмендеуіне байланысты науқастарға арналған орын санын 275-ге азайттық. Енді 2019 жылы төмендесе, онда 665 орынның 210 төсегін алып тастауды жоспарлап отырмыз, - деп жалғастырды Марат Шоранов. - Шығыс Қазақстан облысында жеті станционарды қайта құру арқылы облыстық және өңірлік туберкулезге қарсы диспансерлер құрылды. Өңірлерде қаржыландыру көлемінің ұлғаюымен 43 туберкулезге қарсы кабинеттер пайда болды. Зертханаларда туберкулезді және ауқымды дәрілерге көнбейтін туберкулезді тез диагностикалау (2 сағат ішінде) бойынша алдыңғы қатарлы инновациялық технологиялар енгізілген.

Алайда облыста туберкулез дертінен көз жұмғандар мен ауырғандар көрсеткіші төмендесе, сонымен қатар, орындар саны қысқарса, облыстық денсаулық сақтау басқармасы жаңа диспансердің салынғанын неге қалайды?

"Атқарылып жатқан шаруалар оң нәтиже беріп жатса, оның үстіне орындар саны қысқарса, жаңа туберкулез ауруханасын салудың мәні бар ма?" деген сұрақ облыс әкімі Даниал Ахметовті де мазалаған болатын. Марат Шоранов өз кезегінде облыстық туберкулезге қарсы диспансердің материалдық техникалық базасы стандартқа сай еместігін, туберкулезді ерте анықтау үшін диагностиканың халықаралық стандарттарға сәйкес заманауи әдістері жоқтың қасы екендігін алға тартқан болып, мардымды жауап қатпаған. "Жаңа диспансерді салу мамандандырылған медициналық көмектің сапасын жақсарту үшін емес, республикалық көрсеткіш үшін (рейтинг) істелініп, мемлекет қаржысын тектен - текке ауаға шашумен бірдей емес пе?" деген заңды сұрақ туындайды. Бұл мәселенің анығы мен қанығын білу үшін басқарма өкілдерінен сұрағанды жөн көрдік.

- Инженерлік-көлік инфрақұрылымы бар жаңа диспансерге апарар жол асфальтталған, автобус тұрағы бар, электр желілері, жылыту, ыстық және суық сумен (жергілікті, орталықтандырылған, кәріздер) қамтылған болады. Сондай-ақ, диспансер пациенттер үшін де мүкіндіктерді қарастырған. Науқасты стационарға жеткізу уақытын қысқартуға, бактерия бөлушілердің қатынасуын болдырмау мақсатында, туберкулезге қарсы стационарлардың барлық желісін бір жерге шоғырландыруға, бактериологиялық зертханаға арналған жабдықтарды орналастыру проблемасын шешу мүмкіндіктері болады. Жаңа диспансер денсаулық сақтауды дамытудың 2016-2020 жылдарға арналған мемлекеттік "Денсаулық" бағдарламасына сәйкес, облыс халқына көрсетілетін мамандандырылған және жоғары мамандандырылған медициналық көмектің сапасын жақсартуға мүмкіндік береді, - дейді ШҚО Денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Ілияс Мұхамеджан.

Шығыс Қазақстан облысы әкімі орынбасарының хаттамалық шешімі бойынша жаңа туберкулезге қарсы диспансерді ШҚО, Өскемен қаласы, Акимовка ауылында салу жоспарланған. Қазіргі уақытта жобалау-сметалық құжаттарды әзірлеу жұмыстары жүргізіліп жатыр екен. Ал жаңа нысан салынса, ескі диспансердің тағдыры не болмақ? Ол да Өскемендегі Ворошилов көшесіндегі жедел жәрдем стансасы сияқты күн кешіп, қаңырап, бос қалмай ма?

- Жаңа туберкулезге қарсы диспансер 200 төсек орынға есептелген. Жаңа орталық салынған жағдайда, облыс басшылығымен ғимаратты одан әрі пайдалану мәселесі шешілетін болады, - деп Ілияс Мұхамеджан қолданыстағы диспансердің жайы-күйі не болатынын ашып-жарып айтпады.

Айта кетейік, 2018 жылы облыс бойынша туберкулез науқастарын емдеудің барлық кезеңдеріндегі ем алушыларға (сондай-ақ амбулаторлық деңгейдегі) және туберкулезге қарсы жалпы облыстық шаралар мен жаңа құрылғыларға облыстық бюджеттен 56 млн теңге қаржы бөлінді.

Следующая →