Усть-Каменогорск
ясно
+18°
  • Усть-Каменогорск
    +18°
  • Алматы
    +24°
  • Нур-Султан (Астана)
    +23°
  • Актобе
    +12°
  • Форт-Шевченко
    +15°
  • Атырау
    +12°
  • Караганда
    +22°
  • Кокшетау
    +19°
  • Костанай
    +10°
  • Кызылорда
    +22°
  • Павлодар
    +20°
  • Петропавловск
    +19°
  • Тараз
    +25°
  • Уральск
    +4°
  • Шымкент
    +20°
$
439.43
473.31
¥
60.98
4.82
Курсы Национального Банка РК

Звоните, если вы стали очевидцем происшествия, ваши права нарушены, или хотите поднять проблему

Әдісін тапса, қоқыс та кіріс әкеледі

2019 жылдан бастап сұрыпталмаған қоқыстарды жерге көмуге тыйым салынды. Ал қоғам қоқысты сұрыптауға дайын ба?

Дамыған елдердің көбінде тапталып жерде жатқан тұрмыс қалдықтары - әжептәуір табыс көзі. Бұл - бизнес әрі әлеуметтік жауапты іс. Қоқысты қайта өңдеуден түскен ақша қалта мен қоршаған ортаға бірдей пайда әкеледі. Тұрмыстық қалдықтарды қайта өндеудің негізгі бағыттары - қағаз өнімдері, әйнек сынықтары, бөтелкелер, полимерлер, пластик өнімдері, ағаш және темір заттары болып тармақталады. Тіпті, борситын тамақ қалдықтарынан биогаз өндіретін мемлекеттер де бар.

- Ал біз ше? Бізде тіптен бөлек. Кейбір адамдар "мен неге қоқыс жайлы ойлануым керек? Ай сайын коммуналдық төлем төлеп отырмын ғой" деп жатады. Бірақ пакетке оңды-солды салынған тұрмыс қалдықтарының қала шетіне барып үйіліп жататынын, оның табиғатқа келтіретін залалының шаш етектен екенін көбіміз түсінбей жатамыз. Басынан дұрыс жиналмаған қоқыстың қайта өңделе қоюы екіталай ғой: қағаз өнімдері бүлінеді, бөтелкелер шағылады, жуындымен араласады, - дейді қала тұрғыны Ерболат Мамырбеков.

Қазіргі таңдағы қоқысты іріктеуді игере алмаудың себебі - тұрмыс қалдықтарын өңдейтін технологияның жолға қойылмауында болып отыр. Сондай-ақ, адамдар да қоқыстың экологияға әкелетін қаупін толық сезінбеуде.

- Күнбе-күн қалдықтарды қоқыс жәшігіне салмас бұрын көпшілігіміз бұның бәрі қайда кетеді деп ойланбаймыз да. Пакеттерге тамақ қалдықтары, жуынды, қағаз, пластик аралас салынып, толассыз тасталып жатыр, - дейді тағы бір қала тұрғыны Ерлан Саматаев.

Соған байланысты соңғы уақыттары коммуналды шаруашылық мамандары да қоқысты сұрыптап, іріктеп алуға көп көңіл бөле бастады. Бұл сала барынша зерттеліп, себептерімен күрес басталды. ШҚО Энергетика және тұрғын үй коммуналдық шаруашылық басқармасының дерегінше, облысымызда жыл сайын 200 мың тоннадан артық қатты тұрмыс қалдықтары жиналады, оларды өндіру үлесі небары 1%-ды құрайды. Бұған себеп облыста қалдықтарды қайта өңдеу бойынша ірі кәсіпорындардың жоқтығы.

Осыған сәйкес, Қазақстанның "жасыл экономикаға" көшуін ескере отырып, облысымызда қоқыстарды қайта өңдеу бойынша Жол картасы әзірленді. Жоспар барысында 2020 жылға дейін Өскемен, Семей, Аягөз, Зырян, Шемонаиха қалаларында қалдықтарды бөлек жинау шаралары қарастырылған. Өскемен, Семей қалаларында қоқыстарды қайта өңдеу зауыттарын салу қолға алынды.

- Бүгінгі күнде облыстың қалалары мен аудандарында қалдықтарды бөлек жинау бойынша тұрғындарға жиналыстар өткізіліп, кітапшалар таратылуда, бейнероликтер көрсетіліп, әртүрлі акциялар ұйымдастырылуда. Ал қоқыс қалдықтарын жинау және жеткізу "ЭкоВостокЛидер" ЖШС, "Өскеменспецкоммунтранс" ЖШС, "Чистое небо" ЖК арқылы іске асырылады, - дейді басқарма басшысының орынбасары Асхат Бұқатов.

2016 жылдан бастап полигондарда құрамында сынап бар шамдарды және құрылғыларды, металл сынықтарын, пайдаланылған майларды және сұйықтықтарды, батарейкаларды, электронды қалдықтарды көмуге тыйым салынды. 2019 жылғы 1 қаңтардан бастап пластмассаны, макулатураны, картонды және қағаз қалдықтарын, әйнекті, 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап - құрылыс және тамақ қалдықтарын көмуге тыйым салатын норма күшіне енді.

Енді алдағы уақыттарда әйнек, пластмасс, қағаз және т.б. тұрмыстық қалдықтарды жәшіктерге іріктеп салу біздің қоршаған ортаны қорғаудағы басты міндетіміз болып қалыптасуы тиіс.

Следующая →