Усть-Каменогорск
ясно
+17°
  • Усть-Каменогорск
    +17°
  • Алматы
    +18°
  • Нур-Султан (Астана)
    +22°
  • Актобе
    +19°
  • Форт-Шевченко
    +14°
  • Атырау
    +16°
  • Караганда
    +20°
  • Кокшетау
    +21°
  • Костанай
    +20°
  • Кызылорда
    +24°
  • Павлодар
    +15°
  • Петропавловск
    +18°
  • Тараз
    +22°
  • Уральск
    +13°
  • Шымкент
    +26°
$
443.44
+1.86
480.51
+0.51
¥
61.36
+0.17
4.88
+0.02
Курсы Национального Банка РК

Звоните, если вы стали очевидцем происшествия, ваши права нарушены, или хотите поднять проблему

Сапарға шықсаңыз, құқығыңызды біліңіз

Қазір темір жол мен пойыз қатынасы құқық бұзушылықтың негізгі ортасына айланып отыр

Өйткені азаматтардың көбі пойызда жүру мен темір жолдан өту қағидаларын білмей, құқықтарын қорғай алмай жатады. Соның себебінен заңбұзушылыққа жол береді.

Темір жол мен пойызда жиі кездесетін айыпты әрекеттердің түрі көп. Мәселен, шұғыл тежегіш кранын басып қалу, кәмелеттік жасқа толмаған жасөспірімдерді пойызға жалғыз отырғызу, пойызға тас лақтыру, күл-қоқыс шашу мен вагонда темекі шегу, баланы перронда қалдырып кету, темір жолдан белгі жоқ жермен өтудің барлығы заңбұзушылық саналады. Тіпті, пойызға асыққанда вагон жылжып бара жатса да, оның есігіне жармасып ілініп алатындар бар көрінеді. Мұндай "асыққан" жандардың кейбірі, тіпті, аяқ-қолынан айырылып, жарымжан болып қалған. Өлім құшқандары да бар.

- Сондықтан жолаушыларға заң қағидаларын түсіндіріп айтуымыз аса қажет. Мәселен, жолаушылардың арасында стоп-кранды басып қалатындар жиі кездеседі. Кейбірі мұны қасақана жасаса, енді бірі бұған абайсызда ұрынып жатады. Бірақ заң алдында екеуі де бірдей, екеуі де жазалы. Мұндай құқықбұзушылыққа 5 АЕК көрсеткіш (12625 теңге) көлемінде айыппұл салынады. Тежегіш кранды шұғыл оқиға болғанда ғана іске қосуға болады. Мысалы, азаматтың денсаулығы күрт нашарлап кетті делік, астмасы, жүрек қағысы ұстап, не болмаса, басқа да өміріне қауіпті жағдай туса, онда кранды басуға болады. Вагонда қауырт өрт шықса да басыңыз. Бірақ бет албаты кранды жұлып алуға болмайды. Мұның барлығы вагон тежегішін істен шығарып, зор техникалық апаттарға әкеледі, - дейді Защита станциясындағы Желілік полиция бөлімінің аға инспекторы, полиция майоры Лариса Бектасова.

Жақында ғана Өскеменнен Алматыға тальго пойызымен жолаушылап бара жатқан әйелге стоп-кранды абайсыз басып кеткені үшін айыппұл салынған әрі пойыздың жылдамдығы жоғары болғандықтан, шұғыл тежеудің кесірінен бірнеше жолаушы төсегінен құлап жарақат алған.

Ал құқықбұзушылық үстінде ұсталған азаматтарды вагон жолсерігі ұстап, бекеттегі темір жол желілік полицейлеріне тапсырады. Яғни, айыпты жолаушыны полицейлер бекетте сағаттап ұстап қалуға құқылы. Сондықтан азамат абайсызда алаңғасарлық танытып, қаржысын ғана емес, уақытын да артық шығындауы мүмкін. Десе де, бұл жерде азаматтың меншігіне берілген құқық бар.

- Ұсталған жолаушы желілік полицейлерге өтінішхат жазып, әкімшілік істі тіркелген мекенжайы бойынша қарауға ұсыныс тастаса болады. Бұл - азамат үшін маңызды құқықтық басымдық. Сонда ғана пойыздан қалмай, сапарын ары қарай жалғастыра алады. Ал әкімшілік іс үш күннің ішінде қаралатын болады, - дейді полиция майоры.


Следующая →