Усть-Каменогорск
ясно
-11°
  • Усть-Каменогорск
    -11°
  • Алматы
    +5°
  • Нур-Султан (Астана)
    -10°
  • Актобе
    -5°
  • Форт-Шевченко
    +9°
  • Атырау
    +3°
  • Караганда
    -8°
  • Кокшетау
    -13°
  • Костанай
    -12°
  • Кызылорда
    +3°
  • Павлодар
    -8°
  • Петропавловск
    -13°
  • Тараз
    +7°
  • Уральск
    -6°
  • Шымкент
    +8°
$
499.51
+0.96
525.83
+1.55
¥
68.9
+0.14
4.62
-0.13
Курсы Национального Банка РК

Звоните, если вы стали очевидцем происшествия, ваши права нарушены, или хотите поднять проблему

Сырға толы суреттер сөйлейді

Шығыс Қазақстан өнер музейінде жастардың шығармашылығын қолдау мақсатында аға буын мен кейінгі буынның шығармашылығы тоғысты

Биылғы Жастар жылының шымылдығы қазақстандық суретшілер Талғат Татиев, Николай Долбилкин, Қайсан Қадырбеков, Александр Махноның туындылары қойылған "ART жастар" көрмесімен түрілді.

Шараға өңіріміздің белгілі суретшілері Ержан Тұрғанбаев, Сергей Шупляк, Гүлнар Бекбердинова, дизайнер-суретшілермен қоса облыстық дарынды балалар мектеп-интернатының, қалалық көркемсурет мектебінің, колледждердің мұғалімдері мен оқушылары қатысты. Бір қуанарлығы, жиналған қонақтардың басым бөлігі жастардан құралған.

- Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың 2019 жылды «Жастар жылы» деп жариялауына орай ұйымдастырылған көрме әлемдік өнер ортасында танымал Ready-made пен Скетчинг сынды шығармашылық тәсілдерінің болуымен ерекшеленіп отыр. Көрмедегі туындылар өнер иелерінің сапалы еңбегінің нәтижесі. Әр шығарманың байыбына барып, тереңіне үңілсеңіз, автордың өзіндік идеясы, ерекше стилі бар екендігі байқалады, - дейді музей қызметкері Лариса Мартынова.

Музейдің әр қабырғасы тұнып тұрған тарих. Кешегі "Ақтабан шұбырынды, алқакөл сұлама" жылдарынан бастап, бертінгі желтоқсан оқиғасын бейнелеген туындылар көзге оттай басылып тұр. Тіпті, тәуелсіздіктен кейінгі жылдардағы тұрмыс-тіршілігіміздің кескіндемесі толығымен қабырғада сөйлеп тұр. Сол туындылардың арасынан қонақтардың назарына бірден іліккені "Ана мен бала" портреті болды. Бұл сурет облысымыздың белгілі суретшісі Ержан Тұрғанбаевтың төл туындысы.

- Бұл көріністі мен өмірден алдым. Жаздың жайма шуақ күндерінде отбасымызбен өзен жағасына бардық. Сарала қанат араның гуілдеген ұясы тәрізді қаптаған адам. Кенет анадай жерде өзі шомылмаса да баласы суға кетіп қалмасын деп, балдан тәтті, оттан ыстық көрген перзентінің суға түскеніне мейірлене қараған ананың бейнесі көзімде қалды. Оған қоса, суреттегі кейіпкер сол кездегі жер жағдайымен де қабыса кеткен. Ананың баласына қараған көзқарасы менің осы туындымның дүниеге келуіне себепкер болды, - дейді суретші.

Шара барысында мектеп оқушылары өз араларында сурет салып бақ сынасты.

- Көрме өте қызықты өтті, - дейді "Дарын" облыстық мамандандырылған мектеп лицей-интернатының ұстазы Роза Сеңкібаева, - Балалар эстетикалық жағынан жақсы әсерге бөленді. Алған білімдерін тәжірибемен ұштастырып, өз өнерлерін ортаға салды. Біз үнемі Өнер музейімен тығыз байланыстамыз. Осы дүниелер жастарға арналғандықтан біз балаларды үнемі мәдениет ордасына алып барамыз. Осы ретте, мұражай басшылығына өз алғысымызды білдіргіміз келеді.

Кеш соңында туынды авторлары марапатталып, әуенді әнге ұласты.

Следующая →