Балықшыларға ескерту жарияланды
Балықшылар балық жаралайтын аулау құралдарын қолданбағаны жөн, оған әкімшілік, қылмыстық жауапкершілік бар
Заңды білмеу мен түсінбеу балықшыларға опық жегізуі мүмкін. ШҚО облыстық орман шаруашылығы және жануарлар әлемі инспекциясы балықшыларға заң үйренуге үндеп отыр.
- Заң табиғатты қорғау мен жануарларын әлемін сақтау үшін жасалғандықтан, заң талаптарын орындау арқылы балық қорын да сақтап қаламыз. Заңнан тыс нәрселердің барлығы браконьерлік болып табылады. Балықшылар балыққа зиян келтіретін құралдарды қолданбағаны дұрыс. Ал балық қорын сақтап қалу – әрбір азаматтың табиғат алдындағы борышы, - дейді инспекцияның балық шаруашылығы бөлімінің бас маманы Мұрат Солтақанов.
Сондықтан мамандар балықшыларға "Балық аулау ережесін бекіту туралы" ереженітүсініп алғаны жөн.