Усть-Каменогорск
пасмурно
-10°
  • Усть-Каменогорск
    -10°
  • Алматы
    -2°
  • Нур-Султан (Астана)
    -6°
  • Актобе
    -2°
  • Форт-Шевченко
    +10°
  • Атырау
    +3°
  • Караганда
    -8°
  • Кокшетау
    -6°
  • Костанай
    -5°
  • Кызылорда
    +3°
  • Павлодар
    -9°
  • Петропавловск
    -8°
  • Тараз
    +1°
  • Уральск
    +2°
  • Шымкент
    +5°
$
498.34
519.72
¥
68.79
4.85
Курсы Национального Банка РК

Звоните, если вы стали очевидцем происшествия, ваши права нарушены, или хотите поднять проблему

Аударма ісінің өзекті мәселелері талқыланды

ШҚО-да "Ілеспе аударма үдерісі және аудармаға қойылатын талаптар" атты тренинг өтті

ШҚО Тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту мақсатында қазақшадан орысшаға және орысшадан қазақшаға ілеспе аударма жасайтын мамандарға аударма теориясы мен практикасы, қазақ тілінің ресми тілі, аударманың лексика-грамматикалық және редакциялау мәселелері аясында оқу-әдістемелік көмек көрсетті.

Сондай-ақ, қазақ және орыс тілдерінің лексика-грамматикалық заңдылықтары негізінде сапалы және толыққанды аударма жасауға үйретті.

Шараны халықаралық деңгейдегі ілеспе аударма маманы, саяси ғылымдар докторы Сәтжан Мейірманов жүргізді. Тренинг барысында аударма жасау техникасы, аудармашының психологиялық дайындығы, қағидалар сияқты тақырыптар қозғалып, кеңестер берілді.

Тренингке аудан, қала әкімдіктері мен облыстық басқармалардағы мемлекеттік тілге жауапты редактор, аудармашы мамандар қатысты. Сонымен қатар, қатысушыларға арнайы сертификаттар табыс етілді.

Следующая →