Усть-Каменогорск
пасмурно
+19°
  • Усть-Каменогорск
    +19°
  • Алматы
    +20°
  • Нур-Султан (Астана)
    +15°
  • Актобе
    +8°
  • Форт-Шевченко
    +17°
  • Атырау
    +12°
  • Караганда
    +17°
  • Кокшетау
    +11°
  • Костанай
    +7°
  • Кызылорда
    +26°
  • Павлодар
    +15°
  • Петропавловск
    +10°
  • Тараз
    +20°
  • Уральск
    +5°
  • Шымкент
    +20°
$
441.66
-2.48
475.14
-1.91
¥
61
-0.34
4.86
+0.01
Курсы Национального Банка РК

Звоните, если вы стали очевидцем происшествия, ваши права нарушены, или хотите поднять проблему

Өскеменде Ұлттық ұландықтар тонаушыларды ұстады

Кеше Дзержинский көшесін патрульдеу кезінде "Антон" дүкенінің алдында белгісіз біреулердің қыз баладан ақша бопсалағандығы туралы қоңырау келіп түскен

Ұлттық ұланның 5518 әскери бөлімінің патрульдік тобы аға сержант Дулат Трумовтың басшылығымен аталған мекенжайға қарай бағыт алған, деп хабарлайды Устинка LIVE.

- Зардап шегуші оқиға орнына келген Ұлттық ұландықтарға еуропалық ұлттты екі жігіттің оның IPhone маркалы ұялы телефонын зорлық-зомбылықпен ұрлап кеткендігін айтқан, - деп хабарлады ҚР ҰҰ "Шығыс" өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметі. - Тез арада қаскүнемдерді іздеу жұмыстары басталып, үйлердің бірінің ауласынан екі адам ұсталды. Жеке басын тексеру үшін олармен бірге өту өтініші бойынша күдіктілер әскери нарядқа бағынбай, қашып кетпек болған. Кинологиялық қызметтің нұсқаушысы ефрейтор Нұржан Махуметханов өзінің "Дора" лақап атты қызметтік итімен қашып кеткен адамдарды ұстады.

Зардап шегуші қаскүнемдерді бірден таныды. Кейіннен оқиға орнына жедел-тергеу тобы жетті. Күдіктілер Өскемен қаласының ҰҚКБ-ға жеткізілді.

Аталған факт ҚР ҚК-нің 191-бабы 2-бөлігі "тонау" бойынша тіркелді.

3477 әскери бөлімінің маманы

қатардағы А. Кенесова

Следующая →