Усть-Каменогорск
малооблачно
+15°
  • Усть-Каменогорск
    +15°
  • Алматы
    +19°
  • Нур-Султан (Астана)
    +22°
  • Актобе
    +24°
  • Форт-Шевченко
    +24°
  • Атырау
    +26°
  • Караганда
    +18°
  • Кокшетау
    +22°
  • Костанай
    +22°
  • Кызылорда
    +25°
  • Павлодар
    +21°
  • Петропавловск
    +22°
  • Тараз
    +18°
  • Уральск
    +22°
  • Шымкент
    +21°
$
450.79
482.21
¥
62.14
5.05
Курсы Национального Банка РК

Звоните, если вы стали очевидцем происшествия, ваши права нарушены, или хотите поднять проблему

Мемлекеттік қызметкерге сыйлық бергендерге айыппұл салынады

Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ШҚО бойынша департаменті мемлекеттік қызметшілерге сыйлық беруге тыйым салынғанын тағы бір мәрте ескертті

Аталмыш шектеу сақталмаған жағдайда мемлекеттік қызметшілер тәртіптік, әкімшілік, ал басқа жағдайларда қылмыстық жауапкершілікке тартылады.

Заңға қайшы материалдық сыйақы алғаны үшін әкімшілік жаза қарастырылған. Егер сыйлықтың құны 2 АЕК (1 АЕК -2405 теңге) жоғары болса, сыйлық берген адамға 200 АЕК мөлшерінде әкімшілік айыппұл қарастырылған. Сыйлық алған қызметкерге 600 АЕК айыппұл, ал заңды тұлғалар - 750 АЕК

(1 683 500 теңге) айыппұл төлейді. Ал одан жоғары сома пара болып есептеледі және ол үшін қылмыстық жауапкершілік көзделген.

Алда Жаңа жыл мейрамы келе жатыр. Мемлекетік қызметшілерге мейрам қарсаңында, тіпті, кәмпит пен кәдесый беру де заңмен қудаланады.

- Сыйлықты не үшін береді? Сыйлық берушілер тәуелді мекемелерге арақ-шарап, тәттілерді сыйға тартып, есеп-қисабын еш олқылықсыз өткізіп беруді мақсат етеді. Жемқорлық пен күресіп бастадық па, демек, тамырымен жоюымыз керек, - дейді Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ШҚО бойынша департаменті басшысының орынбасары Қайрат Сапарғалиев. - "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" ҚР Заңына сәйкес мемлекеттік қызметкерлерге өздерінің мемлекеттік немесе соған теңестірілген функцияларын атқаруға байланысты қызмет бабында өздеріне мемлекеттік қызметшілерден және өзге адамдардан сыйлықтарды немесе көрсетілетін қызметтерді қабылдауына тыйым салынады.

Қайрат Сапарғалиев мұндай жемқорлық фактісінің құрылыс бөлімі мен басқармасында жиі орын алатынын атап өтті. Департамент қараша айында аймақтың барлық басқармалары мен ұйымдарына "сыйлық алмау туралы хат" жіберген. Тиісті органдарға ескертілді, енді департамент тұзаққа түсіру шараларын жақын арада
бастамақ.

- Сыйлық алған жағдайда, ол сыйлықтарды арнайы мемлекеттік қорға жеті күн ішінде тапсыру қажеттігін мемлекеттік қызметшілерге ескертеміз, - дейді департамент мамандары.

Биыл арнайы қорға жалпы сомасы 3 миллионға бағаланған 1500-ге жуық сыйлық тапсырылған. Сонымен қатар, Агенттік жанында тәулік бойы Сall-орталық (1420) жұмыс істейтінін және жемқорлық фактісіне куә болған кез келген азамат осы нөмірге хабарласа алатынын жеткізді.

Следующая →