Усть-Каменогорск
малооблачно
+11°
  • Усть-Каменогорск
    +11°
  • Алматы
    +17°
  • Нур-Султан (Астана)
    +8°
  • Актобе
    +14°
  • Форт-Шевченко
    +20°
  • Атырау
    +18°
  • Караганда
    +14°
  • Кокшетау
    +7°
  • Костанай
    +11°
  • Кызылорда
    +23°
  • Павлодар
    +9°
  • Петропавловск
    +6°
  • Тараз
    +17°
  • Уральск
    +10°
  • Шымкент
    +19°
$
443.37
+1.32
474.49
+0.35
¥
61.24
+0.17
4.83
+0.09
Курсы Национального Банка РК

Звоните, если вы стали очевидцем происшествия, ваши права нарушены, или хотите поднять проблему

"Әділет кеңес береді" акциясы өткізілді

Республикалық акция барысында мамандар қала тұрғындарына тегін кеңес берді

23 қарашада Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаменті "Нұр Отан" партиясының облыстық филиалымен, "Қазақстан заңгерлер одағы" ҚБ Шығыс Қазақстан филиалымен бірлесіп, "Дос-Нар" сауда нарығында тегін кеңес алуға тілек білдірушілерге республикалық "Әділет кеңес береді" акциясын ұйымдастырды.
- Акцияға Департамент бөлімдерінің басшылары, "Нұр Отан" партиясы облыстық филиалының қоғамдық қабылдауының меңгерушісі, "Парасат" заң кеңесшілер палатасы, "Шығыс Қазақстан медиация және құқық орталығы" ҚБ, жеке нотариус және БАҚ өкілдері қатысты, - деп мәлімдеді ШҚО Әділет департаментінің баспасөз қызметі. - Акцияның мақсаты - азаматтардың құқықтық сауаттылығы мен құқықтық қорғалу деңгейін арттыру және құқықтық мәселелер бойынша кеңес беру алаңын құру болды.
Акция барысында тұрғындар заңды тұлғаларды тіркеу, сот актілерін орындау, алименттерді өндіріп алу, сыйға тарту шарты, жер учаскесі бойынша, ПИК, ЖШС басқарушылық үлесті бөлу, сатып алу-сату шарттарын, сондай-ақ мұраны ресімдеу және жылжымайтын мүлікті тіркеу бойынша сұрақтармен жүгінді.
Акция нәтижесінде 28 азамат білікті заң көмегін алды.
Следующая →