Усть-Каменогорск
ясно
+16°
  • Усть-Каменогорск
    +16°
  • Алматы
    +22°
  • Нур-Султан (Астана)
    +20°
  • Актобе
    +19°
  • Форт-Шевченко
    +18°
  • Атырау
    +17°
  • Караганда
    +18°
  • Кокшетау
    +18°
  • Костанай
    +19°
  • Кызылорда
    +28°
  • Павлодар
    +16°
  • Петропавловск
    +18°
  • Тараз
    +23°
  • Уральск
    +9°
  • Шымкент
    +28°
$
439.43
473.31
¥
60.98
4.82
Курсы Национального Банка РК

Звоните, если вы стали очевидцем происшествия, ваши права нарушены, или хотите поднять проблему

Көлікті мас күйінде жүргізгендерге қатаң шара қолданылмақ

Енді көлікке мас күйінде отырған шенеуніктер қатаң жазаланатын болады. Өйткені ШҚО-да шенеуніктердің мас күйінде көлікке отырып, жол апатына ұшырауы жиілеген

Бұған көктемде ғана болған Өскемен қаласы әкімі мен Риддер қаласы әкімінің орынбасарының ісі мысал бола алады. Рөлге отырған қос басшы жаяу жүргіншілер жолымен өтіп бара жатқан жасөспірімді қағып мерт қылған болатын. Соның салдарынан Риддер қаласы әкімінің орынбасары Бауыржан Құрманбаев сотталып, Өскеменнің әкімі Қуат Тұмабаев қызметінен кеткен.

Ал ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ШҚО бойынша департаменті жанындағы Әдеп жөніндегі кеңестің кезекті отырысында көлікке мас күйінде отырған тағы бір шенеуніктің ісі қаралып, кеңес мүшелері мұндай "қылмысқа" барған шенеуніктерді енді қатаң жазалап, мұндай әдепсіздікті тоқтату үшін қатал шаралар қолдану керектігін айтты. Бұл жолы Әдеп кеңесінде Абай ауданының экономика және қаржы бөлімі басшысының орынбасары Айдар Асқатовтың ісі қаралды. Ол 13 қазан күні таңертең Қарауыл ауылында мас күйінде көлік айдап жүрген жерінен ұсталған.

Қызметтік тексеріс кезінде Асқаровтың қанынан алынған медициналық сараптамасынан оның мас екендігі дәлелденген. Ал әдеп кеңесіне тартылған Айдар Асқаров та ішімдік ішіп, көлікке отырғанын мойындап, өкінетіндігін айтты. Бірақ кеңес мүшелері Абай ауданында шенеуніктердің мас күйінде көлікке отырмау жөнінде түсіндіру жұмыстары жасалғанын алға тартып, қатаң жазаға тартты.

- Әдеп жөніндегі кеңестің шешіміне сәйкес Абай ауданының экономика және қаржы бөлімінің басшысына бөлім басшысының орынбасары Асқаровқа қатысты мемлекеттік лауазымын төмендетуге, ал төмен тұрған бос мемлекеттік лауазым болмаған жағдайда - қызметке толық сәйкес еместігі туралы ескерту түріндегі тәртіптік жазаны қолдану туралы ұсыным енгізілді. Сонымен қатар, қоластындағы қызметкер мемлекеттік қызметке кір келтіретін тәртіптік теріс қылық жасағаны үшін Абай ауданының экономика және қаржы бөліміне жетекшілік ететін Абай ауданы әкімінің орынбасарының, сондай-ақ Аппарат басшысының, бөлім басшысының және әдеп жөніндегі уәкілдің тәртіптік жауапкершіліктерін қарау үшін Абай ауданының әкіміне ұсыным жолданды. Бір ғана қызметкердің кесірінен бірнеше адам зардап шекті, - дейді департамент басшысы, Әдеп жөніндегі кеңес төрайымы Жанна Қабдолдақызы.

Айта кетейік, осыдан үш ай бұрын Абай ауданында тағы да осындай оқиға болып, Абай аудандық жер қатынастары бөлімінің басшысы Қанат Саржанов пен осы бөлімнің бас маманы Қасымжан мінген көлік қарсы бағытта келе жатқан "Toyota Hilux Surf" көлігіне соғылған. Кісі өлімі болмағанымен, екінші көліктегі жолаушылар жарақат алған болатын.

Следующая →