Усть-Каменогорск
ясно
+22°
  • Усть-Каменогорск
    +22°
  • Алматы
    +22°
  • Нур-Султан (Астана)
    +16°
  • Актобе
    +12°
  • Форт-Шевченко
    +16°
  • Атырау
    +14°
  • Караганда
    +16°
  • Кокшетау
    +12°
  • Костанай
    +10°
  • Кызылорда
    +20°
  • Павлодар
    +15°
  • Петропавловск
    +10°
  • Тараз
    +16°
  • Уральск
    +4°
  • Шымкент
    +19°
$
439.4
-0.03
473.54
+0.23
¥
60.82
-0.16
4.76
-0.06
Курсы Национального Банка РК

Звоните, если вы стали очевидцем происшествия, ваши права нарушены, или хотите поднять проблему

Артық жұмыс істегенге өтемақы беріледі

Мемлекеттік қызметкерлерге артық істелген жұмысы мен уақыты үшін қосымша өтемақы төленеді немесе демалыс беріледі

Қазіргі уақытта мемлекеттік қызметкерлердің қағазбастылықтың кесірінен жұмыс уақытынан кейін де артық жұмыс істеуі мемлекеттік органдардың үлкен мәселесіне айналғаны белгілі. ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі ШҚО бойынша департаментінің бір жыл бойы жүргізген рейдтерінің нәтижесінде жұмыста қалып артық жұмыс істеу бойынша 11 дерек тіркелген. Мәселен, 24 қазан күні жүргізілген рейд кезінде Өскемен қаласы әкімдігі мен Экономика және бюджетті жоспарлау бөлімінің қызметкерлерінің кешкі сағат 20.00 кезінде жұмыс істеп отырғаны, жоғарыдан келген тапсырманы қысқа уақыт ішінде бітіру үшін жұмыстан кейін қалғаны белгілі болған.

Жүргізілген сауалнаманың нәтижесінде Өскемен қаласы әкімдігі мен Үржар аудандық әкімдігі қызметкерлерінің жұмыс орнында көп уақыттарын өткізетіні белгілі болған. Жоғарғы мемлекеттік органдардың шұғыл тапсырмаларын орындау мен мекеменің ұйымдастыру шараларының нашарлығынан, құжаттар мен есеп-қисаптарды қайта жасаудың кесірінен мемлекеттік қызметкерлер көп жұмыс жасауға мәжбүр болып жүр.

Соған байланысты енді мемлекеттік мекемелер қызметкерлеріне артық тапсырма бергені үшін еңбекақысына қосымша өтемақы қосып беруге не демалыс күндерін беруге шешім қабылдап отыр. Елбасы да биылғы жолдауында мемлекеттік қызметкерлерді қағазбастылықтан құтқару әрі олардың әлеуметтік жағдайын көтеру туралы мәселе қозғаған болатын.

- Мәселен, Экономика және бюджетті жоспарлау бөлімінің жүктеме алған бес қызметкеріне өтемақы төленді. Атқарушы органдарға артық жұмыс істету фактілерін азайтуға тапсырма берілді. Егер артық жұмыс істеген қызметкерлер болса, оған өтемақы не демалыс берілуі тиіс, - дейді Өскемен қаласы әкім аппаратының басшысы Нұрлыбек Шерубаев.


Следующая →