Усть-Каменогорск
облачно
+24°
  • Усть-Каменогорск
    +24°
  • Алматы
    +17°
  • Нур-Султан (Астана)
    +9°
  • Актобе
    +10°
  • Форт-Шевченко
    +15°
  • Атырау
    +12°
  • Караганда
    +9°
  • Кокшетау
    +6°
  • Костанай
    +5°
  • Кызылорда
    +16°
  • Павлодар
    +8°
  • Петропавловск
    +5°
  • Тараз
    +18°
  • Уральск
    +9°
  • Шымкент
    +19°
$
441.66
475.14
¥
61
4.86
Курсы Национального Банка РК

Звоните, если вы стали очевидцем происшествия, ваши права нарушены, или хотите поднять проблему

Облыс басшысы мердігер компанияларды сынады

Бюджет қаржысына су құбырлары мен жүйелерін тартатын компанияларға құрылыс жұмыстарына қажетті материалдарды Өскемен мен Семей қалаларындағы зауыттардан сатып алуға талап қойылмақ

Егер құрылыс материалдарын отандық кәсіпорындардан сатып алмаған жағдайда, тендерге қатыса алмайды.

Семей қаласындағы полимерлі өнімдер шығаратын зауытпен танысу барысында облыс әкімі осындай мәлімдеме жасады. Өйткені құбыр тарту жұмыстарын жасайтын мердігерлердің бір бөлігі құрылыс материалдарын Ресейден сатып алатын көрінеді. Полимерлі зауыттың сауда үйіне барып, зауыт шығарған өнімдердің арасында арматура шүмек пен бұрмалардың да көрші елден әкелініп сатылып жатқанын көріп, облыс әкімі бұған бірден наразылық танытты.

- Өскемен қаласының Арматура зауытында шығарылатын өнімдердің сапасы Ресейде жасалынған өнімдерден асып түседі әрі бағалары да бірдей. Кәсіпорын өнімдеріне 25 жылға дейін кепілдік береді. Шетелдік зауыттардың бірде-бірі ондай кепілдік бермейді. Сапалы өнімдер өзімізде де бар екен, оны неге көрші елден сатып аламыз? Мердігерлер бюджеттен бөлінген қаржыға құрылыс жұмыстарын жасайды, демек бюджеттің қаржысын ұқыпты пайдаланып, отандық кәсіпорындарды қолдауға, олардың жұмыс орындарын сақтап қалуға неге қолданбайды?! - дейді Даниал Ахметов.

Облыс аумағында су құбырлары мен олардың қосымша бұйымдарын жасайтын екі зауыт бар: оның бірі Өскемен Арматура зауыты болса, екіншісі - "Силумин Шығыс" зауыты. Одан бөлек, Семей қаласында да полипропилен құбырлар жасайтын полимер зауыты бар.

Енді облыс әкімшілігі тендер байқауына қатысатын мердігерлерге су құбырларын тарту жұмысына отандық өнімдерді қолдануға талап қойып отыр.

- Егер 2015 жылы су құбырын тарту жұмыстарына 2,8 млрд теңге бөлінген болса, келесі жылы ол он есеге өседі. Яғни, биыл 17 млрд теңге бөліп отырсақ, ендігі жылы 28 млрд теңге бөлінеді. Өйткені ауылдарға су тарту жұмыстары жүйелі қолға алынуда. Алдағы төрт жылда ауыл-аймақтарға су тарту үшін барлығы 114 млрд теңге жұмсалмақ. Егер осы "тәттінің" кесегінен құр қалғыларыңыз келмесе, біздің талаптарды орындаңыздар. Біз әрбір жобаны қарап, сүзгіден өткізетін боламыз, - деді аймақ басшысы мердігерлерге қаратып.

Одан бөлек, облыс әкімі құрылыс жұмыстарының жобасы мен құжаттарын қайта-қайта өзгерте беретін мердігерлер де тапсырыстан айырылатынын ескертті. Өйткені қаржы үнемдеу мақсатында кейбір мердігерлер жоба құнын үш есеге дейін азайтып, ақырында құрылыстың сапасын бұзатын көрінеді.

- Бесқарағай, Үржар ауданында су тарту жұмыстарымен айналысқан мердігерлер жобаның құнын 30-35%-ға дейін азайтып салған құбырлары бір жылдан кейін істен шығып жатыр. Бұлай болуы мүмкін емес. Мемлекеттік сатып алу талаптарын міндетті түрде өзгертетін боламыз, - дейді аймақ басшысы.

Ал өнім шығаратын жергілікті компаниялар оны сапалы жасауы, бағасын көрші елдікінен арзан қоюы тиіс.


Следующая →