Усть-Каменогорск
ясно
-11°
  • Усть-Каменогорск
    -11°
  • Алматы
    +6°
  • Нур-Султан (Астана)
    -10°
  • Актобе
    -7°
  • Форт-Шевченко
    +7°
  • Атырау
    +3°
  • Караганда
    -6°
  • Кокшетау
    -13°
  • Костанай
    -11°
  • Кызылорда
    +5°
  • Павлодар
    -9°
  • Петропавловск
    -18°
  • Тараз
    +9°
  • Уральск
    -7°
  • Шымкент
    +11°
$
513
+13.49
541.16
+15.33
¥
70.75
+1.85
4.69
+0.07
Курсы Национального Банка РК

Звоните, если вы стали очевидцем происшествия, ваши права нарушены, или хотите поднять проблему

Студенттерге шәкіртақы берілмек

Медициналық жоғары оқу орындары және колледждердің белсенді студенттері мен туберкулезбен ауыратын білім алушыларына кәсіподақ ұйымы тарапынан шәкіртақылар тағайындалмақ

"Senim" денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің салалық кәсіподағы биылдан бастап медициналық оқу орындарының студенттеріне көмек көрсетуді қолға алмақ. Соған орай, студенттер үшін екі түрлі шәкіртақы түрін тағайындап отыр. Оның бірі медициналық оқу орындарының студенттер кәсіподағына мүше болған әрі кәсіподақ жұмысын ұйымдастыруда белсенділік танытқан студенттерге берілсе, екіншісі туберкулезге шалдыққан шәкірттерге беріледі.

- Қазір елдегі медициналық колледжердің барлығы "Senim" кәсіподағына мүше болып тіркелген. Семей медициналық университеті де мүшелікке енген. Жоғары оқу орындары мен колледжерде кәсіподақ өкілдері бар. Олар шәкіртақы алу талабына сай шәкірттердің тізімін жасап, облыстық кәсіподақ ұйымдарына жібереді. Ал шәкіртақы кәсіподақ ұйымының атынан төленеді. Оның үстіне, қазіргі күнде салалық кәсіподаққа мүше болған медициналық оқу орындарының студенттерінен жарна жиналмайды, - дейді салалық кәсіподақтың төрағасы Сапарбек Дүйсенов.

Белсенді студенттерге ай сайын 21 мың теңге шәкіртақы берілсе, туберкулезбен ауыратын шәкірттерге емдеу шаралары аяқталғанға дейін 24 мың теңге шәкіртақы ұсынылмақ.

- Туберкулезден емдеу шаралары, әдетте, бір жылға дейін жалғасады. Бұл аралықта науқастың дұрыс тамақтануы қажет екені белгілі. Емханаға бару үшін жол шығыны да бар, - дейді Сапарбек Дүйсенов.


Следующая →