Усть-Каменогорск
пасмурно
+6°
  • Усть-Каменогорск
    +6°
  • Алматы
    +15°
  • Нур-Султан (Астана)
    +10°
  • Актобе
    +17°
  • Форт-Шевченко
    +20°
  • Атырау
    +17°
  • Караганда
    +7°
  • Кокшетау
    +11°
  • Костанай
    +13°
  • Кызылорда
    +18°
  • Павлодар
    +6°
  • Петропавловск
    +9°
  • Тараз
    +16°
  • Уральск
    +13°
  • Шымкент
    +19°
$
442.05
474.14
¥
61.07
4.74
Курсы Национального Банка РК

Звоните, если вы стали очевидцем происшествия, ваши права нарушены, или хотите поднять проблему

Қоғамдық тамақтану орындарында бақылау күшеймек

Келесі жылдан бастап қоғамдық тамақтану мен қызмет көрсету орындарын санитарлық жағынан тексеру шаралары күшейтіледі

Соңғы жылдары қызмет көрсету мен тауар сату орындарының санитарлық сапасы нашарлап кеткені белгілі. Ал оны қадағалау үшін Қазақстанда тауар мен қызмет сапасын бақылайтын арнайы комитет құрылмақ. Мұндай комитет ұлт денсаулығын, оның қауіпсіздігі мен сапалы азық-түлікпен, қызметпен қамтамасыз етілуін қадағаламақ.

- Бұл сұрақ бүгінгі таңда қаралу үстінде. Егер тамақтану нысандарындағы азық-түліктен және тамақтан улану фактілері тіркелген жағдайда, нысандарға жоспардан тыс тексерулер жүргізіледі. Сонымен қатар, мамандармен тұрғындар арасында тамақ өнімдерінен уланудың алдын алу мақсатында, санитарлық ағарту шаралары жүргізіледі, - дейді ШҚО Қоғамдық денсаулықты сақтау департаменті басшысының орынбасары Болат Қуанышбеков.

2018 жылдың тоғыз айының қорытындысы бойынша, мемлекеттік тапсырыстармен алынған ет пен сүт өнімдеріне тексеріс жүргізіліп, ет өнімдерінен алынған 205 сынаманың 30-ы, сүт өнімдерінен алынған 413 сынаманың 27-сі санитарлық нормаларға сәйкес болмай шыққан. Талапқа сай өнім өндірмегені үшін кәсіпорындарға құқық бұзушылық жөнінде хаттама толтырылып, заңбұзушылықтарды жою жөнінде ұйғарымдар берілген.

Департаментке шаштараз, сұлулық салоны сынды қызмет көрсету орындарынан да шағым келіп түскен.

- Департаменттің Күршім аудандық қоғамдық денсаулықты сақтау басқармасына 2017 жылы Сарыөлең ауылының тұрғыны Қабылтаевадан жеке кәсіпкер Шапектің шаштаразында жалпы санитарлық-гигиеналық нормалардың сақталмауы туралы шағым келіп түскен. Шағым негізінде жоспардан тыс тексеру жүргізіліп, санитариялық ережелердің бірқатар талаптарының бұзылғандығы анықталған. Тексеру қорытындысында анықталған кемшіліктер бойынша жеке кәсіпкерге әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырылып, 20 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынды, - дейді Болат Ғазезұлы.

Жоғарыда аталған бақылау комитеті құрылатын болса, онда мамандардың жоспардан тыс тексеру жүргізуге көбірек мүмкіндігі болады. Ал әзірше, санитар-эпидемиолог мамандардың мемлекет меншігіне жататын мектептер мен ауруханаларды ғана жүйелі тексеруге мүмкіндігі бар.

Следующая →