Усть-Каменогорск
ясно
-12°
  • Усть-Каменогорск
    -12°
  • Алматы
    +1°
  • Нур-Султан (Астана)
    -3°
  • Актобе
    -3°
  • Форт-Шевченко
    +8°
  • Атырау
    -2°
  • Караганда
    -4°
  • Кокшетау
    -6°
  • Костанай
    -5°
  • Кызылорда
    +2°
  • Павлодар
    -11°
  • Петропавловск
    -10°
  • Тараз
    +1°
  • Уральск
    -3°
  • Шымкент
    +8°
$
498.51
+0.17
522.84
+3.12
¥
68.81
+0.02
4.81
-0.04
Курсы Национального Банка РК

Звоните, если вы стали очевидцем происшествия, ваши права нарушены, или хотите поднять проблему

Облыстың төрт мұғалімі үздік педагог атанды

Астана қаласында Мұғалімдер күніне орай айтулы іс-шара өтіп, "Үздік педагог" республикалық байқауының жеңімпаздары марапатталды

Шығысқазақстандық төрт мұғалім елдің "Үздік педагогы" атанды.

"ҚазАқпарат" ХАА ақпараттарына сүйенсек, биыл бұл республикалық байқаудың аудандық және қалалық турына 4 мыңға жуық мұғалім қатысса, оның 710-ы облыстық турға жолдама алған. Ал биылғы байқау қорытындысы бойынша 48 орта мектеп мұғалімі жеңімпаз атанып отыр.

Бұл тізімге Шығыс Қазақстан облысынан төрт мұғалім енген екен. Олар - Семей қаласындағы Шәкәрім атындағы гимназияның география, Өскемен қаласындағы №38 гимназияның ағылшын тілі, Өскемен қаласындағы "Восток" мектеп-кешенінің математика, "Назарбаев Зияткерлік мектебінің" Семей қаласындағы филиалының физика пәні мұғалімдері.

Ал мұғалімдерді ҚР Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиевтің өзі келіп марапаттады.

- Соңғы жылдары біршама жұмыс атқарылғанын айта кеткім келеді. Бірақ әлі де алар асуымыз жетерлік. Қазір стратегия, жоспарлармен мереке иелеріне жүктеме артқым келмейді. Айтарым - осынау күрделі әрі керекті мамандықты таңдағандарыңызға көп рахмет. Мұғалімді көп адам түсіне бермеуі мүмкін. Алайда өзіміз біршама жолды басып өтіп, балаларымыз өсіп жетілгенін көрген кезде мұғалімнің қаншалықты үлкен еңбекті еңсергенін көреміз, - деп жазады министрдің сөзін "ҚазАқпарат" ХАА.

Жеңімпаздарға "2018 жылдың үздік педагогы" төсбелгісі тағылып, 1000 айлық есептік көрсеткіш есебінде сыйақы табыс етілді.


Следующая →