Усть-Каменогорск
ясно
+2°
  • Усть-Каменогорск
    +2°
  • Алматы
    +17°
  • Нур-Султан (Астана)
    +8°
  • Актобе
    +19°
  • Форт-Шевченко
    +19°
  • Атырау
    +22°
  • Караганда
    +6°
  • Кокшетау
    +8°
  • Костанай
    +6°
  • Кызылорда
    +21°
  • Павлодар
    +6°
  • Петропавловск
    +8°
  • Тараз
    +18°
  • Уральск
    +16°
  • Шымкент
    +19°
$
444.22
+0.37
476.38
+2.08
¥
61.31
+0.06
4.82
+0.02
Курсы Национального Банка РК

Звоните, если вы стали очевидцем происшествия, ваши права нарушены, или хотите поднять проблему

Күршімде көпір салу үшін заң керек

Күршім ауданына жұмыс сапарымен барған облыс әкімімен аймақ ақсақалдары Бұқтырма су қоймасының үстіне салынатын көпір жобасының жағдайы мен қашан салынатындығы жайлы сұрады

- 2017 жылы наурызда облыстық қоғамдық кеңес мүшелері Күршімде отырыс өткізіп, аудан халқына көпір жобасын таныстырған болатын. Арасында көпірді салатын инженер мен жобалаушы мамандар да болды. Олар көпірдің ені 13 метр, ал ұзындығы 1300 метр болатындығын да айтқан еді. Қазір жоба дайын, мемлекеттік сараптамадан да өткен. Алайда инвестор табу мәселесінде біраз қиыншылықтар болып жатқан сыңайлы. Бұл мәселені қалай шешуді ойлап отырсыздар? - деп сұрақ қойды Күршім аудандық қоғамдық кеңесінің төрағасы Советхан Искаков.

Ал бұл сауалға аймақ басшысы инвестордың бар екендігін, алайда оның жобаға құйғалы отырған қаржысына үкімет тарапынан кепілдік беру бойынша қиындық туындап жатқанын жеткізді.

- Түркиядан да, Қытай мен Ұлыбританиядан да инвесторлар келді. Қазір инвесторлардың біреуі көпір салуға шынымен ниет танытып отыр. Көпірді салатын мамандар да бар. Жобаның құны 33 млрд теңге болғандықтан, инвестор жобаға қаржыны теңгемен құюға келісіп отыр, алайда құйған капиталының мемлекет тарапынан кепілдік болғанын қалайды. Өйткені ол қаржыны әу баста теңгемен емес, доллармен әкеледі. Шамамен, 90 млн АҚШ доллары. Ал теңгенің ахуалы қазір қандай екенін көзіміз көріп отыр. Ұлттық валюта құлдырайтын болса, инвестордың да қаржысы зая кетері анық. Сондықтан бұл мәселені шешу үшін қазір үкіметпен бірге жұмыс жасап жатырмыз. Шетелдік инвестордың қаржысына кепілдік беру туралы бап Қазақстанның ешқандай заңында жазылмаған екен. Қазір заңға өзгеріс енгізу жөнінде ұсыныстар дайындап жатырмыз. Істің нәтижесі қандай болатынын жарты жылдан кейін нақты білетін боламыз, - дейді Даниал Ахметов.

Аймақ басшысының ойынша, Бұқтырманың үстіне көпір салу бойынша көп жұмыстар жасалды. Инвестор іздеу, Еуропа қайта құру және даму банкімен келісім жасау, жоба дайындаудың өзі талай күш пен қажырды қажет етті. Сол себепті мұндай ұйымдастыру жұмыстары жасала отырып, көпірдің салынбай қалуы екіталай.

Следующая →