Усть-Каменогорск
ясно
+9°
  • Усть-Каменогорск
    +9°
  • Алматы
    +10°
  • Нур-Султан (Астана)
    +13°
  • Актобе
    +19°
  • Форт-Шевченко
    +22°
  • Атырау
    +21°
  • Караганда
    +9°
  • Кокшетау
    +14°
  • Костанай
    +16°
  • Кызылорда
    +17°
  • Павлодар
    +11°
  • Петропавловск
    +15°
  • Тараз
    +8°
  • Уральск
    +22°
  • Шымкент
    +11°
$
443.35
475.54
¥
61.18
4.82
Курсы Национального Банка РК

Звоните, если вы стали очевидцем происшествия, ваши права нарушены, или хотите поднять проблему

Колледж жөнделіп бітті

Халық әртістері ағайынды Абдуллиндер атындағы Шығыс Қазақстан өнер колледжінің жөндеу жұмыстары аяқталды

Жөндеу жұмыстары екі жарым жылға созылып кеткен бес қабатты ғимаратқа қазір өнер ұжымы орналасып, түлектерін оқуға қабылдап жатыр.

Айта кетейік, аталған колледждің екінші корпусы 2016 жылдан бастап жөнделе бастаған. Алайда жұмыс басталғанда-ақ алаяқ компания бөлінген ақшаны жымқырып, тайып тұрған болатын. Оның ісі сотқа жіберіліп, жұмысты ары қарай жалғастыру үшін жаңа мердігер тағайындалған. Ол бұрынғы мердігердің құрылыс жұмыстарында жіберген кемшіліктері мен былықтарын реттей алмай, тағы бір жыл уақыт созды.

Енді, міне, колледж басшылығы жөнделген ғимаратты құжат жүзінде қабылдап, 2018-2019 оқу жылының шымылдығын ашып отыр.

- Ғимаратты қабылдау жөніндегі актіге қол қойылды. Бұрын кеткен кемшіліктердің барлығы жөнделді. Екінші корпуста жөндеу жұмыстары басталған кезде, жанындағы бірінші корпусқа көшіп кеткен едік. Қазір екінші корпусқа қайта көшіп жатырмыз, - дейді колледж директоры Альмира Оралбекқызы.

Следующая →