Усть-Каменогорск
малооблачно
-13°
  • Усть-Каменогорск
    -13°
  • Алматы
    +2°
  • Нур-Султан (Астана)
    -6°
  • Актобе
    -2°
  • Форт-Шевченко
    +8°
  • Атырау
    +1°
  • Караганда
    -3°
  • Кокшетау
    -9°
  • Костанай
    -7°
  • Кызылорда
    +2°
  • Павлодар
    -11°
  • Петропавловск
    -9°
  • Тараз
    -3°
  • Уральск
    +1°
  • Шымкент
    +3°
$
498.34
519.72
¥
68.79
4.85
Курсы Национального Банка РК

Звоните, если вы стали очевидцем происшествия, ваши права нарушены, или хотите поднять проблему

Қазандықтар жылыту маусымына дайын ба?

Биыл жылыту маусымына жауаптыларға қатаң талап қойылған. Мамандар 15 қазанға дейін дайындық жұмыстарын аяқтауы тиіс

Биыл күн ерте салқындағандықтан тұрғындар қазірден-ақ жылуға зәру болып отыр. Қалада, әсіресе, әлеуметтік нысандарды қысқы маусымға дайындау аса маңызды. Сол себепті бірінші кезекте осы мәселеге көңіл бөлінеді.

- Тұтынушылардың өтінімі бойынша қазаннан бастап беріле бастайтын жылу "Жылыту маусымына дайындық актісі" барлардың бәріне бірдей беріле бермейді. Оған ортақ есептеу құралдарын орнатқан тұтынушылар ғана қосылмақ. Ал жылыту маусымы ресми түрде ауа температурасы үш күн бойы 10 градус жылылықты көрсеткен уақыттан бастап, алдағы он күндіктегі ауа райының болжамын есепке ала отырып басталады. Яғни, қазанның 15-і немесе 10-ы деген арнайы белгіленген күн жоқ, - дейді "Өскемен жылу жүйелері" АҚ техникалық директоры Талғат Қайыркенов.

Бүгінде Өскемен қаласы бойынша жалпыға ортақ жылу есептеу құралдарын 200-ге жуық тұрғын үй мен мекеме ғана орнатқан, яғни, тұтынушылардың 20 пайызы. Ресми деректер бойынша 103537 тұрғын мен 3271 заңды тұлға "Өскемен жылу жүйелерінің" 6 қазандығын пайдаланады екен. Коммуналдық қызмет өкілдері қарызы шаш етектен екенін де жасырмайды. Жалпы биыл өскемендіктердің жылуға қарызы 700 млн теңгеге жеткен.

- Біздің мекемеге қала тұрғындары мен мекемелері барлығы 700 млн теңге берешек. Оның ішінде "Востокмашзавод" ЖШС сияқты заңды тұлғалар да қарызын бермей отыр. Олар төлеу кестесі арқылы қарыздарын жабуы тиіс, - дейді Талғат Қайыркенов.

Бүгінде "Өскемен жылу жүйелері" дайындық актісін алған нысандардың бәріне жылу жеткізуге даяр. Дәл қазіргі алаңдатып отырған мәселе – 19-шы ықшам ауданға тартылып жатқан жылу құбырлары құрылысын мерзімінде аяқтап, ол жерлердегі жаңадан салынған көпқабатты үйлерге жылуды дер уақытында беру.

- Өскемендегі орталық жылу желілеріне қосылған 1700-ге жуық көпқабатты тұрғын үйлердің 99 пайызы жылыту маусымына әзір. Былтырғы осы кезеңде үйлердің 80 пайызы ғана жылыту маусымына дайын болғандығын ескерсек, биыл пәтер иелері кооперативтері жұмыстарын ширатып, жақсы әзірлік жүргіздік. Көп пәтерлі үйлер бойынша 76 пайызы, жеке үйлердің 30 пайызы, білім беру мекемелері 80 пайызға, денсаулық сақтау объектілері 40 пайызға жылыту маусымына дайын, - деді облыс орталығындағы нысандардың қысқа дайындығы жөнінде "Өскемен жылу жүйелері" АҚ техникалық директоры.

Облыс орталығын жылумен қамтитын үлкен жылу орталығының дайындығына келетін болсақ, мұндағы жөндеу, әзірлеу жұмыстары да жоспар бойынша орындалған.

Қазіргі уақытта Аблакетка ауданындағы №3 қазандықтың дайындығы 100 пайыз екен.

- Қазандық 1983 жылдан бері жұмыс істеп келеді. Биыл Е-50/14 жаңа құрылғысы орнатылып, басқару да жеңілдетілді. Яғни, автоматтандырылған құрылғы құбырдағы судың қысымын қашықтықтан бақылауға және басқаруға мүмкіндік береді, - дейді №3 қазандығының шебері Николай Степанов.

Былайша айтқанда, жылыту маусымы басталмай тұрып-ақ бұл ауданда білім беру нысандары қысқа толық дайын болады.

ҚР ИДМ деректері бойынша, құрылған штаб аясында күнделікті күзгі-қысқы кезеңнің дайындығы мен өтуіне, еліміздің электр станцияларындағы нормативті отын қорын жинауға мониторинг жүргізіледі.

- Көмір жеткізу бойынша "Қаражыра" ЖШС-мен келісімшартқа отырғанбыз. Тамыз айының жоспарын орындадық. Қараша, желтоқсан айларында тағы да отын-көмір жеткізеді. 6 қазандықты толықтай қамтамасыз ету үшін 74 мың тонна көмір керек. Қазіргі уақытта 20 мың тонна бар, - дейді Талғат Қайыркенов.


Следующая →