Усть-Каменогорск
малооблачно
-13°
  • Усть-Каменогорск
    -13°
  • Алматы
    +2°
  • Нур-Султан (Астана)
    -6°
  • Актобе
    -2°
  • Форт-Шевченко
    +8°
  • Атырау
    +1°
  • Караганда
    -3°
  • Кокшетау
    -9°
  • Костанай
    -7°
  • Кызылорда
    +2°
  • Павлодар
    -11°
  • Петропавловск
    -9°
  • Тараз
    -3°
  • Уральск
    +1°
  • Шымкент
    +3°
$
498.34
519.72
¥
68.79
4.85
Курсы Национального Банка РК

Звоните, если вы стали очевидцем происшествия, ваши права нарушены, или хотите поднять проблему

Сыныптағы бала санына әкімдік жауап береді

2011 жылғы бала туу қарқыны биыл өскемендіктер үшін сынып жетіспеушілігімен көрініс тапты

Мәселен, Өскемен қаласы әкімдігінің Ахмер орта мектебінде бір сыныпта 40-қа жуық бала оқып жатыр деген шағым түскен. Сөз жоқ, жағымды жаңалық, тек орын жетпегені ғана болмаса.

- Негізінде бір сыныпта 25 баладан артық болмау керек. Алайда қала мектептерінде оқушылар саны 30-ға дейін жетуге рұсат бар. Егер сыныпта бала саны көп болса, тағы да параллельді сыныптар ашылуы тиіс. Мұны мектеп директоры, санитарлық-эпидемиологиялық қызмет пен жергілікті атқарушы орган бақылауда ұстауы керек,- дейді осы жайтқа байланысты ШҚО Білім басқармасының басшысы Сайрангүл Ахметкаримова.

Яғни, білім басқармасы мектептегі бала санының асып кетуіне әкім жауап беретінін айтты.

- Биыл қызым 1-ші сыныпқа қабылданды. Қыркүйектің алдында барғанымызда сыныптағы бала саны 34 екенін естіп, шошып кеттім. 1 қыркүйектен кейін қосымша тағы бір сынып ашылыпты. Сонымен 1-сыныптардан алты сынып болды. Сыныпта бала саны тым көп болса, балалардың денсаулығына және зейініне зиян ғой, - дейді қаладағы мектептердің бірінде баласы оқитын Динара есімді ата-ана.

Сонымен қатар, басқарма басшылығының айтуынша, бала кез келген мектепте білімін жалғастыра алады. Яғни, мектеп директорының жаңадан келген баланы мектепке қабылдамауға құқығы жоқ.

Следующая →