Усть-Каменогорск
малооблачно
-13°
  • Усть-Каменогорск
    -13°
  • Алматы
    +2°
  • Нур-Султан (Астана)
    -6°
  • Актобе
    -2°
  • Форт-Шевченко
    +8°
  • Атырау
    +1°
  • Караганда
    -3°
  • Кокшетау
    -9°
  • Костанай
    -7°
  • Кызылорда
    +2°
  • Павлодар
    -11°
  • Петропавловск
    -9°
  • Тараз
    -3°
  • Уральск
    +1°
  • Шымкент
    +3°
$
498.34
519.72
¥
68.79
4.85
Курсы Национального Банка РК

Звоните, если вы стали очевидцем происшествия, ваши права нарушены, или хотите поднять проблему

Түлектер аймақтарда 3 жыл жұмыс істеуге міндетті

2019 жылдан бастап медициналық оқу орындарында мемлекеттік грантпен білім алған студенттер ел аймақтарында үш жыл еңбек етуге міндеттеледі

Бұл туралы Денсаулық сақтау вице-министрі Алексей Цой мәлімдеді.

Бұл жаңашылдық алдағы жылдары мекеме өкілдері шығаратын жаңа кодекске енбек. Осылайша шенеуніктер медицина саласындағы мамандар тапшылығы мәселесін шешуге ниетті.

- 2019 жылдан бастап әрбір медициналық білім ордаларында тегін білім алғандар аймақтарда жұмыс істеуі міндетті болмақ. Бұл қазіргі кезде аталған саладағы маман жетіспеушілігін жоюға септігін тигізеді деген үміт бар. Жаңашылдық жаңа кодексте де болмақ, - деді ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Алексей Цой.

Вице-министрдің айтуынша, жаңашыл норма "Ұлт денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі" жаңа кодексінде белгіленеді.

- Біздің елде бәріне өтеу керек. Өз еркімен өңірлерге барып, қанша қалғысы келсе, сонша қалған дәрігерді көрген емеспін. Неге дерсіз? Себебі өңірлерде жас маманды моральдық және материалдық жағынан қамтамасыз ететін жағдай жоқ. Одан бөлек, тұрмыстағы қыздар қалай отбасын тастап, 3 жылға ауылға кетпек? Үшіншіден, жергілікті бюджет есебінен оқыған түлектер аймақтарда қызмет етсін. Ал мемлекеттік гранттағылар онсыз да мемлекеттік ауруханаларда 50 мың теңгеге жұмыс істеп өтейді, - дейді Семей медициналық университетінің 7-курс студенті, тәжірибелік-дәрігер Қырмызы Байғұтты.

Сондай-ақ, желтоқсанда әрбір азаматтың электрондық медициналық паспорты пайда болады. Оған адамның өмір бойғы денсаулық ахуалы мен дерттері, қабылдаған дәрілері жайлы деректер енгізіледі.

Следующая →