Усть-Каменогорск
малооблачно
-13°
  • Усть-Каменогорск
    -13°
  • Алматы
    +2°
  • Нур-Султан (Астана)
    -6°
  • Актобе
    -2°
  • Форт-Шевченко
    +8°
  • Атырау
    +1°
  • Караганда
    -3°
  • Кокшетау
    -9°
  • Костанай
    -7°
  • Кызылорда
    +2°
  • Павлодар
    -11°
  • Петропавловск
    -9°
  • Тараз
    -3°
  • Уральск
    +1°
  • Шымкент
    +3°
$
498.34
519.72
¥
68.79
4.85
Курсы Национального Банка РК

Звоните, если вы стали очевидцем происшествия, ваши права нарушены, или хотите поднять проблему

Травматология бөлімі ашылады

Биыл өткен жылмен салыстырғанда жол-көлік оқиғалары аз тіркеліп, жараланғандар мен зардап шеккендердің саны кеміген

Алайда жол апатынан көз жұмғандардың саны шұғыл өсіп кеткен. Егер былтыр 36 адам жол апатынан көз жұмған болса, биыл 66 адамның өмірі темір тұлпардың кесірінен қыршын кеткен.

- Бұдан жол апатынан алған жарақаттың ауыр болатындығын көруге болады. Көз жұмғандардың жартысы - оқиға орнында тіл тартпай кеткендер. Жарақат алу адамды өлімге әкелетін басты факторлардың бірі болғандықтан, оның алдын алу шараларын күшейткен жөн. Соған байланысты біз биыл Семей жедел жәрдем ауруханасында травматология бөлімін ашуды жоспарлап отырмыз. Одан бөлек, облыстың жеті ауруханасында қабылдау бөлімдерінде науқастың жарақатына қарай ем-дом жасайтын бөлімшелер ашылады, - дейді ШҚО Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Марат Шоранов.

Облыста жыл сайын дәрігер мамандардың шетелге оқуға жіберілетіні белгілі. Биыл 13 травматолог маман шетел клиникаларында білім алуға жіберіледі.

Следующая →