Усть-Каменогорск
малооблачно
-13°
  • Усть-Каменогорск
    -13°
  • Алматы
    +2°
  • Нур-Султан (Астана)
    -6°
  • Актобе
    -2°
  • Форт-Шевченко
    +8°
  • Атырау
    +1°
  • Караганда
    -3°
  • Кокшетау
    -9°
  • Костанай
    -7°
  • Кызылорда
    +2°
  • Павлодар
    -11°
  • Петропавловск
    -9°
  • Тараз
    -3°
  • Уральск
    +1°
  • Шымкент
    +3°
$
498.34
519.72
¥
68.79
4.85
Курсы Национального Банка РК

Звоните, если вы стали очевидцем происшествия, ваши права нарушены, или хотите поднять проблему

Көмір қазан айына дейін жеткізілуі тиіс

Ауыл мен аудандарға әлі де көмір жеткізілмей жатыр. Ал балабақша мен мектептерге көмір сатып алуға қаржы жетпей жатыр деген сылтау бос сөз болуы мүмкін

Аудандарға көмір жеткізілмей жатқанынан хабардар облыс әкімі Даниал Ахметов бұл мәселені мықтап қолға алды. Әкім аппаратының кеңейтілген отырысында қысқа дайындық жайлы баяндама жасаған облыстық Энергетика басқармасының басшысы Мұрат Мұсатаев тағы да сынға ілікті. Өйткені ауданға көмір жеткізу ісі әлі ілгерілемеген.

Мәселен, Күршім ауданына қажет 25 мың тоннаның 3 мың тоннасы ғана, Тарбағатайға қажет 46 мың тоннаның 7,5 мың тоннасы, Бородулихаға қажет 25 мың тоннаның 4 мың тоннасы, Аягөзге қажет 30 мың тоннаның 5 мың тоннасы, Көкпектіге керек 33 мың тоннаның 6 мыңға жуық тоннасы ғана жеткізілген. Осыдан екі апта бұрын Тарбағатай мен Бесқарағайда мүлдем көмір жоқ болатын. Қазір 3 мың тоннадан жеткізілген екен.

- Қыркүйекте қар түссе не істейміз? Ауа райын болжап білу мүмкін емес, сондықтан алдын ала қамдану керек болатын. Көмір жеткізуді мамырдан бастап қолға алу керектігін тапсырған едім. Көмір жеткізілмей жатса, оған Қаражыра кінәлі емес, - дейді Даниал Ахметов.

Одан бөлек, аудандарда мектеп пен балабақшаға көмір сатып алуға қаржы жетпей жатқандығы бұған дейін де айтылған болатын. Алайда аймақ басшысы мұның құр сылтау екендігін айтады.

- Биыл білім беру нысандарына отын сатып алуға 363 млн теңге бөлгенбіз. Жетпей қалуы мүмкін емес. Мен әрбір ауданның бюджетінде көмір сатып алуға қажет қаржының бар екендігіне кәміл сенімдімін, - дейді Даниал Ахметов.

Соған орай, аймақ басшысы әкімдердің барлығына көмір жеткізудің кестесін құрып, қазан айына дейін көмір қорын толықтай жеткізуге тапсырма берді.

Следующая →