Усть-Каменогорск
ясно
-10°
  • Усть-Каменогорск
    -10°
  • Алматы
    +3°
  • Нур-Султан (Астана)
    -7°
  • Актобе
    -4°
  • Форт-Шевченко
    +10°
  • Атырау
    +3°
  • Караганда
    -5°
  • Кокшетау
    -8°
  • Костанай
    -8°
  • Кызылорда
    +3°
  • Павлодар
    -10°
  • Петропавловск
    -10°
  • Тараз
    +4°
  • Уральск
    -5°
  • Шымкент
    +10°
$
498.55
+0.04
524.28
+1.44
¥
68.76
-0.05
4.75
-0.06
Курсы Национального Банка РК

Звоните, если вы стали очевидцем происшествия, ваши права нарушены, или хотите поднять проблему

Пәтер бағасы қымбаттады ма?

Қазір ауылдан қалаға ағылған жұрт та, қаладан ірі мегаполистерге, шетелге қоныс аударған жандар да көп. Мұның барлығы пәтер мен үй бағаларының өсуіне не арзандауына себеп болмақ

Елдің Шығыс аймағында соңғы жылдары пәтер мен үй бағалары біршама арзандады. Өйткені көрші Ресейге қоныс аударғандар көбейді әрі теңге де құнсызданды. Халықтың қалтасында қолма-қол қаржы болмаған соң, пәтер мен үй бағалары күрт түсіп кетті.

Мәселен, өскемендік риэлтор мамандардың айтуынша, соңғы екі жылда пәтер бағасы 30 пайызға дейін арзандаған. Яғни, пәтерлер өз бағасының 3/1 бөлігін жоғалтқан.

- Қазір Өскемен қаласында сатып алушыларға қарағанда, пәтерді сатқысы келетіндер көп. Соның кесірінен екі жылда пәтер бағасы біршама арзандап кетті. Пәтердің арзандауына доллар көтерілуі де әсер етті, өйткені валюта өскен кезде, халықтың қалтасында қаржы азайып қалды. Екі жыл бұрын түскен баға әлі көтеріле қойған жоқ. Өйткені Өскеменге көшіп келгендерге қарағанда, көшіп кетушілердің саны әлдеқайда көп, - дейді риэлтор маман Михаил Лунев.

Жылдың басынан бері пәтерлердің бағасы қымбаттай қойған жоқ. Тек кейбір пәтерлерге деген сұраныс артып, соның себебінен 1,5 бөлмелі және 2 бөлмелі үйлердің бағасы 3-5 пайыздың маңайында қымбаттаған.

Ал статистикалық мәліметтерге сүйенсек, Өскемен қаласында қаңтар айында жаңа салынған үйлердің бір шаршы метрі 231 мың теңгеден сатылса, шілде айында да үйлер дәл осы бағамен саудаланған. Семей қаласында да баға тұрақты. Жылдың басында жаңа салынған тұрғын үйлердің бір шаршы метрі 172 мың теңгеден сатылса, жылдың ортасында да баға өзгермеген.

- 1960 жылдары салынған үйлер ескі болғандықтан, қазір бұл үйлерді ешкім алуға тырыспайды. Ондай үйлер екі есе арзандап кетті. Ал 1973-1979 жылдары салынған үйлердің бағасы тұрақты. Бұл үйлерге сұраныс жақсы. Ал 1980 жылдан бері қарайғы пәтерлерге деген елдің сұранысы жоғары, - дейді пәтер сатумен айналысатын маман Нина Рубан.

Өскеменде мемлекеттік бағдарлама бойынша салынып жатқан үйлер де бар болғанымен, олар халыққа жетпей жатыр. Сондықтан сатылатын пәтерлердің 95 пайызы бұрын салынған үйлер. Мемлекеттік бағдарлама арқылы салынған үйлер ипотекамен тез сатылып кетеді.

- Жылдың басынан бері пәтерлер қымбаттаған жоқ. Бірақ соңғы екі айда пәтер бағасының біршама өскені байқалады. Өйткені тұрғындардың көбі пәтер қымбаттамай тұрып, үй сатып алуға тырысуда. Соның есебінен пәтер бағасы біраз өсті. Күзде бау-бақша өнімдері, төрт түлік мал сатыла бастайтындықтан, халықтың қалтасында қаржы болады. Қыркүйек-қазан айларында қалаға ағылатын студенттер де көбейеді. Осы кезде баға да кішкене өседі, - дейді маман Альмира Смамагзумова.

Қазір Өскеменде 1980 жылдары салынған екі бөлмелі үйлер 8,8 млн теңге мен 9,5 млн теңгенің аралығында сатылуда. Ал қаланың ортасында әрі тыныш аудандарда болса, оның бағасы 10-11 млн теңгеге дейін өсіп кетуі мүмкін.

- Халықтың көбі "7-20-25" бағдарламасы шыққан кезде, үйлердің бағасы қымбаттайды деп ойлады. Бірақ олай бола қойған жоқ. Өйткені бағдарламаның өзі бар да, үйлер жоқ. Өскеменде жаңадан салынып жатқан үйлер сұранысты қанағаттандыра алмай жатыр, - дейді Михаил Лунев.

Жаңадан салынған үйлер жетпей жатқандықтан, бұрын салынған үйлер де сатылу үшін мамандар мемлекет тарапынан арнайы бағдарлама екенін айтады.

- Үйді сатып алғандардың 80 пайызы ипотека арқылы баспаналы болады. Ал ипотеканың шарты бойынша 1970 жылдардан бері салынған пәтерлер болуы тиіс. Нарықтағы пәтерлерді сатуға мемлекет тарапынан арнайы бағдарлама болса, үйдің бағасы тұрақталады деп ойлаймын, - дейді Михаил Лунев.


Следующая →