Усть-Каменогорск
ясно
-11°
  • Усть-Каменогорск
    -11°
  • Алматы
    +5°
  • Нур-Султан (Астана)
    -10°
  • Актобе
    -5°
  • Форт-Шевченко
    +9°
  • Атырау
    +3°
  • Караганда
    -8°
  • Кокшетау
    -13°
  • Костанай
    -12°
  • Кызылорда
    +3°
  • Павлодар
    -8°
  • Петропавловск
    -13°
  • Тараз
    +7°
  • Уральск
    -6°
  • Шымкент
    +8°
$
499.51
+0.96
525.83
+1.55
¥
68.9
+0.14
4.62
-0.13
Курсы Национального Банка РК

Звоните, если вы стали очевидцем происшествия, ваши права нарушены, или хотите поднять проблему

Жағажайы жөнделіп жатыр

Өскемендегі Октябрь жағажайы жөнделіп жатыр. Елу жыл бойы жөндеу көрмей, бос жатқан жағажай жаңа көркіне еніп, ендігі жазда ашылатын болады

Қазір жағажай маңы кеңейтіліп, футбол, волейбол ойнайтын және көше воркауты салынған бөлек алаңқай жасалуда. Карбышев көшесі бойында үлкен тұрақжай салынып жатыр. Мұнда жағажайға демалуға келгендер көліктерін қояды.

- Жағажай белдеуі әлі де кеңейтіледі. Жөндеу жұмыстары аяқталған соң, жағажайдың бойы керемет табиғи саябаққа айналарына сенімдімін. Сонда қала тұрғындары Бұқтырмаға ағылмай-ақ, осында келіп демалып, суға шомыла алады, - дейді облыс әкімі Даниал Ахметов.

Одан бөлек, қала билігі жағажай бойына қойылған дүңгіршектерді де қатаң бақылауға алмақ. Дүңгіршектердің барлығы санитарлық нормаларды сақтаған, сыртқы бейнесі тартымды, еуропалық үлгіге сай болуы қажет.

- Комендантка бойына қойылған дүңгіршектер қандай тамаша! Сондай киоскілерді орналастырған жөн, - дейді аймақ басшысы.

Следующая →