Усть-Каменогорск
ясно
+20°
  • Усть-Каменогорск
    +20°
  • Алматы
    +19°
  • Нур-Султан (Астана)
    +23°
  • Актобе
    +19°
  • Форт-Шевченко
    +17°
  • Атырау
    +17°
  • Караганда
    +19°
  • Кокшетау
    +22°
  • Костанай
    +20°
  • Кызылорда
    +22°
  • Павлодар
    +19°
  • Петропавловск
    +18°
  • Тараз
    +20°
  • Уральск
    +15°
  • Шымкент
    +21°
$
443.44
480.51
¥
61.36
4.88
Курсы Национального Банка РК

Звоните, если вы стали очевидцем происшествия, ваши права нарушены, или хотите поднять проблему

Қала көшелеріне 4000 бейнекамера орнатылады

Өскеменді үлкен өзгерістер күтіп тұр. ШҚО әкімінің қатысуымен өткен мәжілісте қаладағы көлік инфрақұрылымын дамыту мәселелері, яғни, көшелерді кеңейту, көлік тораптарын, көпір өткелін қайта жаңарту бойынша инфрақұрылымдық жобалар жайлы айтылды

Еліміздегі әлеуетті өндіріс орталықтарының бірі саналатын Өскемен қаласы күн санап көркейіп, абаттанып келеді. Қысқа мерзімде қолайлы инфрақұрылым қалыптасты. Облыс әкімі осы жұмыстардың негізгі мақсаты - өңір тұрғындарының өмір сапасын арттыру, қоғамдық қауіпсіздікті қамту екенін баса атап көрсетті.

- Осы жылы қаладағы көлік инфрақұрылымында айтарлықтай өзгерістер орын алуда. Келесі жылы 8 жолақты Сәтпаев даңғылы, Самар тас жолы пайдалануға беріледі. Өскемен - Алматы тас жолы 14-ші ықшам ауданымен жалғастырылады, Протозанов, Славский, Астана көшелері қайта жөндеуден өтіп, кеңейтіліп жатыр. 2020 жылға дейін барлығымызды толғандырып жүрген жол мәселесіне нүкте қоймақпыз, - деді ШҚО әкімі Даниал Ахметов.

Аймақ басшысы Өскемен шаһарының көшелері мен аулаларында "Қауіпсіз қала" жобасын іске асыруға және қуатүнемдегіш жарықтандыру шамдарын орнату, соңғы үлгідегі бейнекамералар қою жөнінде де айтты. Енді облыс орталығының көшелері мен аулаларын, қоғамдық орындарын барынша қауіпсіз ету үшін тұтас бір жүйе жасалып, жұмыс істейтін болмақ. 2019 жылдың наурыз айы­на дейін қала жолдарының бойына, сонымен қатар аулаларда және автобекет, сауда орындары сияқты адам қарасы көп жүретін қоғамдық орындарға 4000-нан аса заманауи бейнекамера орнатылмақ.

- Бұл сіздер мен біздердің және көліктердің қауіпсіздігі үшін жасалынуда. Одан бөлек, қала өмірін жіті бақылауға мүмкіндік береді. Сондай-ақ, "ақылды бағдаршам", "ақылды шамдар" жүйесі цифрландырудың алғашқы қадамдары болмақ. Бұл істер Өскеменнің инфрақұрылымын жаңғыртудың біртұтас жобасының бір бөлшегі болып табылады, - деді өңір басшысы Даниал Кенжетайұлы.

Мамандардың айтуынша, "Сергек" фирмасының жаңа камералары жол жүру ережесін бұзу деректерін автоматты түрде тіркейді, сондай-ақ көшелердегі адамдардың қозғалысын тәулік бойы таспаға түсіреді. Түсірілім сапасы жоғары болады, тіпті, қашықтықтағы бейнелер анық көрініп тұрмақ.

Сонымен қатар, қалада "Менің аулам" бағдарламасы сәтті іске асырылып жатыр. Қазірдің өзінде қаладағы 12 аулада абаттандыру жұмысы толығымен аяқталған.

- Өткен аптада 12 ауланы өз көзіммен көріп, тексеріп қайттым. Келер жылы тағы да миллиардттаған сома бөліп, бұл жұмысты жалғастыратын боламыз. Жалпы 4 жылдың ішінде қаладағы барлық аулаларды абаттандыру жұмысы толығымен бітеді деп сендіремін. Алайда қалыпқа келтірілген заманауи аулаларды бұзып, оны мемлекет әр жыл сайын қайта жөндеп отыруы мүмкін емес. Сондықтан аулаларды ұқыптап, таза ұстау сіздердің де міндеттеріңізге кіреді, - деп облыс басшысы қала активтеріне баса назар аударды.

Айта кетейік, келесі жылы облыста 100 елді мекенге абаттандыру жұмыстары жүргізілмек. Сонымен қатар, әкімдік 2019 жылдан бастап Өскемен әуежайын, автобус паркі мен трамвайды басқару жүйесін толықтай жаңашаландырмақ.

Осылайша аймақ басшысы қаладағы жобалардың мақсат-міндетімен қатар, оны іске асырудың тегершіктерін жаңадан тағайындалған қала әкімі Жақсылық Омарға анық-қанық айтып берді. "Тиімді идеологиясыз сау экономиканы құру мүмкін емес" деген Даниал Ахметовтің айтуынша, алда тұрған үлкен іс көптеген салаларды қамтып өтпек. Жоба сандық технологияларды дамыту, оларды күнделікті тұрмысқа жаппай енгізуді де көздейді.

Следующая →