Усть-Каменогорск
малооблачно
+20°
  • Усть-Каменогорск
    +20°
  • Алматы
    +23°
  • Нур-Султан (Астана)
    +18°
  • Актобе
    +15°
  • Форт-Шевченко
    +23°
  • Атырау
    +18°
  • Караганда
    +18°
  • Кокшетау
    +16°
  • Костанай
    +15°
  • Кызылорда
    +19°
  • Павлодар
    +21°
  • Петропавловск
    +17°
  • Тараз
    +23°
  • Уральск
    +15°
  • Шымкент
    +25°
$
471.46
504.79
¥
64.92
5.53
Курсы Национального Банка РК

Звоните, если вы стали очевидцем происшествия, ваши права нарушены, или хотите поднять проблему

Қуат Тұмабаев жұмыстан кетуі мүмкін

Мұны облыс әкімі Даниал Ахметов айтып отыр

Бүгін облыстық әкімдік ғимаратында кеңейтілген аппарат жиналысы өтіп, сөз соңында аймақ басшысы Даниал Ахметов Риддерде жасөспірім көз жұмған жол апатына қатысы бар Бауыржан Құрманбаев пен Қуат Тұмабаевтың ісі жайлы өз ойын білдірді. Облыс әкімінің ойынша, мемлекеттік қызметкер қоғам алдында үлкен адамгершілікке ие болуы керек. 

- Мемлекеттік қызметкер моральдық, этикалық жағынан да қоғам алдында беделге ие болуы керек. Сондықтан Риддер әкімшілігін Әдеп жөніндегі кеңеске тартып, жаза тағайындау қажет, - деді Даниал Ахметов.

Сонымен қатар, Өскемен қаласының әкімі Қуат Тұмабаевтың да беделіне тоқталып, оның халық алдында беделден айырылғанын, сондықтан мемлекеттік қызметте жоғары шендерге тағайындала алмайтынын және алдағы уақытта Қуат Тұмабаев орнын босататынын жеткізді. Соған орай, облыс басшысы Қуат Тұмабаевқа жұмыстан кету туралы өтініш жазуға ұсыныс жасағанын айтты.

- Енді Өскеменде жаңа басшы болады, - деді облыс басшысы.

Следующая →