Усть-Каменогорск
ясно
-11°
  • Усть-Каменогорск
    -11°
  • Алматы
    +5°
  • Нур-Султан (Астана)
    -10°
  • Актобе
    -5°
  • Форт-Шевченко
    +9°
  • Атырау
    +3°
  • Караганда
    -8°
  • Кокшетау
    -13°
  • Костанай
    -12°
  • Кызылорда
    +3°
  • Павлодар
    -8°
  • Петропавловск
    -13°
  • Тараз
    +7°
  • Уральск
    -6°
  • Шымкент
    +8°
$
499.51
+0.96
525.83
+1.55
¥
68.9
+0.14
4.62
-0.13
Курсы Национального Банка РК

Звоните, если вы стали очевидцем происшествия, ваши права нарушены, или хотите поднять проблему

Бес мың азамат бостандыққа шығады

Облыста биыл 3 мыңнан аса қылмыстық іс қаралған. Биылғы қылмыстық істердің саны былтырғыға қарағанда 10 пайызға артқан

Шығыс Қазақстанда соңғы жылдары азаматтық және әкімшілік істердің саны азайғанымен, қылмыстық істердің саны біршама өскен. Сот судьяларының айтуынша, бұған бірнеше себеп әсер еткен. Ең алдымен, рақымшылық, ақтау және апелляциялық өтінішті қанағаттандыру барысында еркіндікке босап шыққандардың қайта қылмыс жасауы көбейген. Одан бөлек, аймақ полицейлері де қылмыстық істі жиі ашатын болған.

- Республиканың өзге облыстарында қылмыстық істердің азайғаны, біздің өңірде, керісінше, артқаны байқалады. Бұған қарап біз қылмыскерлер көбейді дей алмаймыз. Кей жылдары Алматы, Оңтүстік Қазақстан облыстарында қылмыстық істер көбейіп кеткен болса, енді бір жылдары Шығыс Қазақстанда артқаны байқалады, - дейді облыстық соттың қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы төрағасының м.а. Қайрат Шақпантаев.

Заң нормаларын ізгілендіруге байланысты мерзімінен бұрын босату, жазаны жеңілдету, ақтау жағдайлары да артқан.

- Қазір түзету мекемелерінде жазасын өтеп жатқандардың саны азаюда. Жазасын өтеп жатқандардың арасында кешірім сұрап, өтініш білдіргендердің 70 пайызы қанағаттандырылады. Яғни, олар түзету мекемесінен босап шығады. Егер моральдық, материалдық шығындарын толық өтеген әрі ауыр жазаға кесілмеген, сотталған мерзімінің жартысына жуығын өтеген, психологиялық мінез-құлқы жағымды азаматтар болса, оған кешірім беріліп, бостандыққа жіберіледі. Егер істеген қылмыстары көп әрі жазасы ауыр болса, мұндай қылмыскерлердің өтініші қабылданбайды, - дейді Қайрат Мұратұлы.

Судьяның айтуынша, қылмыскерлердің көптеп босатылуы да қылмыстық істердің артуына себеп болуда.

- Судьялар істің материалдарына, заңға сүйеніп қана шешім шығарады. Ал босап шыққан жанның ниет-пиғылы ешкімге аян емес қой, - дейді Қайрат Мұратұлы.

Осы орайда айта кеткен жөн. Шілде айының басында елдің бас прокуроры Қайрат Қожамжаров сот саясатын өзгерту, жазаны ізгілендіру аясында жаңадан заң жобасы дайындалғанын әрі осы заңның арқасында 5000 сотталушының бостандыққа шығатынын жорамалдап айтқан болатын.

Алайда кей мамандар босап шыққан қылмыскерлердің қоғамға үлкен зиян әкелетінін айтып, бұл реформаға қарсы болып отыр. Мәселен, Халықаралық түрме реформасының PRI өкілдігінің Орталық Азия өңірлік директоры Азамат Шамбіловтің айтуынша, қылмыскерлер босап шығатын болса, мемлекетке де үлкен шығын болмақ әрі қарапайым адамдарға да қауіп көбеймек.

- Пробация қызметі мұнша адамға құқықтық, психологиялық көмек көрсете алмайды. Оның үстіне, пробация қызметіндегі мамандардың 80%-ы заңгерлер. Психологиялық, моральдық қолдау көрсететіндер аз. Олардың барлығы ертең үкіметтен баспана, жұмыс, әлеуметтік төлемақы сұрап, әкімшіліктің есігін тоздырумен болады. Оған жұмыс тауып беру де оңай емес. Мемлекетке үлкен шығын келеді, - деп жазады Азамат Саматұлының сөзін "Тенгриньюс" сайты.

Следующая →