Усть-Каменогорск
ясно
-12°
  • Усть-Каменогорск
    -12°
  • Алматы
    +1°
  • Нур-Султан (Астана)
    -3°
  • Актобе
    -3°
  • Форт-Шевченко
    +8°
  • Атырау
    -2°
  • Караганда
    -4°
  • Кокшетау
    -6°
  • Костанай
    -5°
  • Кызылорда
    +2°
  • Павлодар
    -11°
  • Петропавловск
    -10°
  • Тараз
    +1°
  • Уральск
    -3°
  • Шымкент
    +8°
$
498.51
+0.17
522.84
+3.12
¥
68.81
+0.02
4.81
-0.04
Курсы Национального Банка РК

Звоните, если вы стали очевидцем происшествия, ваши права нарушены, или хотите поднять проблему

Облысымызда тұңғыш бүйрек ауыстыру отасы жасалды

Шығыс Қазақстанда бүйрек ауыстыру бойынша тұңғыш ота жасалды. Төрт сағат бойы ота жасаған өскемендік хирургтар егде жастағы ананың бүйрегін алып, 32 жастағы ұлына салды

Қазіргі уақытта елде бүйрекке ота жасаумен айналысатын төрт аурухана бар. Оның бірі - Өскемен қаласында орналасқан Трансплантация орталығы. Мұнда бүйрек ауыстыру бойынша екі бірдей ота жасалып, оның бірін өскемендік хирургтар өз қолымен жасады. Ал алғашқы отаны жергілікті дәрігерлер республикалық трансплантация жөніндегі үйлестіру орталығының басшысы Жақсылық Досқалиевпен бірігіп жасады. Ана мен баланың бүйрегін ауыстыру отасы сәтті өтіп, науқас емдеу шараларына жіберілді.

- Шығысқазақстандық дәрігерлердің ота жасауға қауқары мен білімі жетеді. Ал клиниканың дамығандығы сонша - күрделі оталарды оңай жасауға болады. Бұл клиникада бүйректен басқа жүрек пен бауырды да ауыстыруға, салуға болады, - дейді Жақсылық Досқалиев.

Ал нефрит дертіне шалдыққан екінші науқасқа орталық дәрігерлері өздері ота жасаған.

- Маған туған әпкем донор болды. Екеуіміздің ағзамыз бір-бірінен аумайды. Сондықтан ота жасауға да қиындық келтірмесе керек, - дейді науқас әйел.

ШҚО әкімі баспасөз қызметінің хабарлауынша, ота жасалған науқастарға дәрігерлер тегін беріледі.

- Ота жасалған адамдарға иммунитетін көтеру үшін үнемі дәрі ішіп жүруге тура келеді. Қазақстан түпнұсқа дәрілерді сатып алып, науқастарға тегін беретін әлемдегі жалғыз мемлекет, - дейді Жақсылық Досқалиев.

Следующая →