Усть-Каменогорск
ясно
+22°
  • Усть-Каменогорск
    +22°
  • Алматы
    +22°
  • Нур-Султан (Астана)
    +16°
  • Актобе
    +12°
  • Форт-Шевченко
    +16°
  • Атырау
    +14°
  • Караганда
    +16°
  • Кокшетау
    +12°
  • Костанай
    +10°
  • Кызылорда
    +20°
  • Павлодар
    +15°
  • Петропавловск
    +10°
  • Тараз
    +16°
  • Уральск
    +4°
  • Шымкент
    +19°
$
439.4
-0.03
473.54
+0.23
¥
60.82
-0.16
4.76
-0.06
Курсы Национального Банка РК

Звоните, если вы стали очевидцем происшествия, ваши права нарушены, или хотите поднять проблему

Биыл да көмір жетпеуі мүмкін

Өскемен мен Семей қалаларында жыл сайын көмір жетпей, әлеуметтік әлсіз топтар отын ала алмай қиналатын еді. Ал жергілікті әкімдік бұл мәселелерді әлі жүйелі шеше алмай келеді

"Қыс қамын жаз ойла" демекші, билік өкілдері шілде айынан бастап-ақ қыстың жайын күйттей бастады. Облыс әкімінің орынбасары Серік Ақтанов тұрғын үй коммуналды шаруашылығына жауапты басқарма мен білім беру, денсаулық сақтау басқармаларының өкілдерін, аудан әкімдері мен жылу орталықтары басшыларын жинап қысқа дайындық мәселесін пысықтады.

Жылу беру орталықтары қазіргі уақытта қазандықтары мен турбиналарын жөндеп, қызу дайындалып жатқандығын жеткізді. Мәселен, Өскемен жылу орталығы тоғыз қазандығын, төрт турбинасын жөндеп жатыр. Ұлан ауданы мен Аягөз ауданында да орталық қазандықтар ретке келтірілуде. Басшылардың ойынша, жылу орталықтарының қысқа дайындығы жоспарлы түрде жасалуда.

Ал күзде көмір тасу, оны үлестіру жұмыстары тағы да былтырғыдай былықшылыққа толы болатын көрінеді. Мұны қала мен облыс басшылығы да алдын ала сезіп отырғандай.

- Әлеуметтік маңызы бар мекемелерге - аурухана, мектеп, балабақшаға көмір отыны уақытында, графикке сай жеткізілгенімен, жыл сайын әлеуметтік әлсіз топтарға, қарапайым тұрғындарға берілетін көмір жетпей, халық арасында дүрлігу пайда болады. Бұл - бізде ғана емес, республиканың өзге аймақтарында да болатын жағдай. Биыл мұны болдырмаудың қандай да бір амалын жасауымыз қажет, - дейді Серік Ақтанов.

Биыл бюджеттік мекемелерге 126 мың тонна, мектеп пен балабақшаларға 93 мың тонна, ауруханаларға 25 мың тоннадай көмір қажет.

Одан бөлек, Тарбағатай, Күршім, Бесқарағай, Бородулиха мен Зырян аудандарының мектептеріне биыл былтырғыдан көбірек, 251 млн теңгеге артық көмір керек болып шықты. Ал Өскемен қалалық әкімдігі қазірдің өзінде 900 тұрғынның көмір алуға кезекте тұрғанын айтып, көмірді қалаға тезірек жеткізу керектігін тілге тиек етті.

- Тұрғындарды толық көмірмен қамту үшін көмір шығарушы кәсіпорындар қалаға күніне 400 тонна көмір әкеліп отыруы керек. Олай болмаса, былтырғыдай көмір жетпеуі мүмкін. Қазір 50 тонна ғана көмір жеткізілген, - дейді Өскемен қаласы әкімінің орынбасары Бауыржан Құдияров.

Серік Ахтановтың ойынша, көмір алатын орындардағы кезек қасақана жасалатын әрекет, сондықтан тексеріс жасап, оның ізін кесу қажет. Енді облыс әкімшілігі алдымен Өскемен қаласының тұрғындарын көмірмен қамтып алып, содан кейін ғана әлеуметтік маңызы бар мекемелер мен жылу орталықтарына көмір жеткізуді ойлап отыр.

Следующая →