Усть-Каменогорск
ясно
-12°
  • Усть-Каменогорск
    -12°
  • Алматы
    +1°
  • Нур-Султан (Астана)
    -3°
  • Актобе
    -3°
  • Форт-Шевченко
    +8°
  • Атырау
    -2°
  • Караганда
    -4°
  • Кокшетау
    -6°
  • Костанай
    -5°
  • Кызылорда
    +2°
  • Павлодар
    -11°
  • Петропавловск
    -10°
  • Тараз
    +1°
  • Уральск
    -3°
  • Шымкент
    +8°
$
498.51
+0.17
522.84
+3.12
¥
68.81
+0.02
4.81
-0.04
Курсы Национального Банка РК

Звоните, если вы стали очевидцем происшествия, ваши права нарушены, или хотите поднять проблему

Семейдегі үлкен мешіттің құрылысы басталды

Семей қаласында 10 жыл бойы үздіге күттірген орталық мешіт құрылысы қайта жанданды

2008 жылы Орталық Азияның бірегей мешіттерінің біріне айналады деп бірнеше рет инвесторлар келіп, құрылыс жұмыстарын қолға алуға талпынғанымен, жоба сол күйі аяқсыз қалған. Басталған құрылыс жұмыстарының мердігерлері ауысып, қаржының жетіспеушілігінен жұмыс тоқтап қалған болатын.

Нысан қаланың сол жағалауындағы аспалы көпірге апаратын шеңберде орналасқан. Енді, міне, игілікті істі қазақстандық "ТAS Group" компаниялар тобы қолға алатын болып шешті.

- Мешіттің бұрынғы сәулетіне аздаған өзгерістер енгізілген. Себебі бастапқыдағы құрылысшы компания жергілікті табиғат жағдайларын ескермеген. Қалалық мешіттің ғимаратында жоспардағыдай қатымхана мен медресе болады. Мешітке бір мезгілде 2500 адам сыяды, автотұрақ 500 көлікке есептелген. Көпір тұсындағы аяқсыз қалған мешіт құрылысы жүректі жаралайтын. Енді, міне, сәті келіп, құрылыс жұмыстарын бастамақпыз. Алла қаласа, құрылысын 1-2 жылдың ішінде аяқтап, туған қаламыз Семейге әдемі мешітті сыйға тартатын боламыз. Мешіт құрылысын жалғастыру туралы қала әкімшілігімен де ақылдастық, олар барлық жағынан қолдау көрсетеміз деп отыр, - дейді "ТAS Group" компаниялар тобының жетекшісі Дулат Тастекеев.

Қазіргі таңда Семей қаласында 11 мешіт бар, бірақ бұл қала үшін жеткіліксіз. Өйткені дінге бет бұрушылардың саны да ұлғайып келеді. Тұрғындардың айтуынша, жұма және айт намазы кезінде шағын мешіттерге келушілердің саны артып, халық сыймай кетеді. Сондықтан жаңа мешіттің салынуын қала тұрғындары тағатсыздана күтуде.

- Жобаға бір кездері түрік демеушілері кіріскен болатын, араб инвесторлары да қызығушылық танытты, бірақ одан әріге бармады. Қазақстандық кәсіпкерлер де ұзаққа "Возрождение "Семей" атты қайырымдылық қоры құрылып, мешіт құрылысына қаражат жинаумен айналысқан болатын. Дегенмен жан-жақтан жиналған қомақты қаржы - 200 млн теңге тек ғимарат пен оның төрт мұнарасының іргетасын қалап, қажетті коммуникация жүйесін тартуға ғана жетті. Аламан құрылысты осы күнге дейін аяғына жеткізуге ешкімнің әлі келмеді, - дейді "АHTAS Construction" құрылыс компаниясының жобалаушысы Нұрлан Жүнісов.

Айта кетейік, бұл компания да аталған холдингтің құрамына кіреді.

"ТAS Group" компаниялар тобы "ASYLTAS" қайырымдылық бағдарламасының жетекшісі Еңлікгүл Ақдәулеттің айтуынша, мешіт құрылысына кәсіпкердің қалтасынан 500 млн теңге бөлініп отыр. Құрылыс жұмыстары екі жылдың ішінде аяқталып, рухани орда қала халқының игілігіне табысталмақ.

Еске салайық, кәсіпкердің қаржылай қолдауымен бұған дейін екі мешіт салынған болатын. 2009 жылы кәсіпкердің туған жері - ШҚО Тарбағатай ауданының Екпін ауылында жаңа мешіт бой көтерсе, 2016 жылдың жазында аудан орталығы болып табылатын Ақсуат ауылында да жаңа мешіттің ашылу салтанаты өтті.

Следующая →