Усть-Каменогорск
пасмурно
-16°
  • Усть-Каменогорск
    -16°
  • Семей
    -7°
  • Алматы
    +4°
  • Риддер
    -7°
  • Астана
    -1°
  • Актобе
    -1°
  • Актау
    +8°
  • Атырау
    +2°
  • Караганда
  • Кокшетау
    -2°
  • Костанай
    -7°
  • Кызылорда
    +4°
  • Павлодар
    -4°
  • Петропавловск
    -1°
  • Тараз
    +4°
  • Туркестан
    +11°
  • Уральск
  • Шымкент
    +11°
$
496
588.01
¥
71.8
6.42
Курсы Национального Банка РК

Звоните, если вы стали очевидцем происшествия, ваши права нарушены, или хотите поднять проблему

"Жан жүрегім - Астана" акциясы өтті

Қазақстан-Американ еркін университетінің студенттері ел ордасының 20 жылдық мерейтойына орай, "Жан жүрегім - Астана" акциясын өткізді

Акция студенттердің биімен басталды. Еліміздің көк байрағын көкке көтеріп, флешмоб ұйымдастырған жастардың арасынан қазақтың ұлттық киімін киген бойжеткендер шашу шашып, келушілерді қарсы алды.

Айта кеткен жөн, шілде айында ел ордасы – Астана өзінің 20 жылдық мерейтойын атап өтеді. Еліміздің басты оқиғаларының бірі саналатын Елорданың туған күніне орай республиканың әр өңірінде түрлі шаралар бастау алғаны айқын. Осындай шаралардың бірін Қазақстан-Американ еркін университеті де қолға алып, "Император" сауда кешенінің жанында қала халқының басын қосып, "Жан жүрегім – Астана" атты акция ұйымдастырды. Акция барысында жиналған қала тұрғындары арасында Астананың тарихына қатысты қызықты сұрақтар төңірегінде викториналық ойын ойнатылды. Жылдам әрі дұрыс жауап бергендерге естелік сыйлықтар табысталды.

Следующая →
Только самое важное в нашем Telegram-канале
Темы: "Жан жүрегім - Астана" Акциясы өтті Мерейтой