Усть-Каменогорск
ясно
-11°
  • Усть-Каменогорск
    -11°
  • Алматы
    +6°
  • Нур-Султан (Астана)
    -10°
  • Актобе
    -7°
  • Форт-Шевченко
    +7°
  • Атырау
    +3°
  • Караганда
    -6°
  • Кокшетау
    -13°
  • Костанай
    -11°
  • Кызылорда
    +5°
  • Павлодар
    -9°
  • Петропавловск
    -18°
  • Тараз
    +9°
  • Уральск
    -7°
  • Шымкент
    +11°
$
513
+13.49
541.16
+15.33
¥
70.75
+1.85
4.69
+0.07
Курсы Национального Банка РК

Звоните, если вы стали очевидцем происшествия, ваши права нарушены, или хотите поднять проблему

Жатақхана мәселесі өзекті

Осыдан біраз жыл бұрын Семей шаһарындағы колледждердің жатақханалары ұстағанның қолында, тістегеннің аузында кетіп, студенттер жатақханасыз қалған болатын

Яғни, білім алуға келген жастардың 20 пайызы ғана жатақханамен қамтылған.

Елбасының "Президенттің бес әлеуметтік бастамасы" атты халыққа Үндеуінде "Жоғары білім алудың қолжетімділігі мен сапасын арттырып, студент жастардың жатақханадағы жағдайын жақсарту" қажеттігін атап көрсеткені белгілі. Бұл мақсатта ШҚО әкімі Даниал Ахметов қаладағы жекеменшік инвестор есебінен сатып алынған және жөнделген жатақхананы көріп қайтты. Бұл ғимаратты мемлекеттік-жекеменшік әріптестік бағдарламасы бойынша Қалматаев атындағы мемлекеттік медициналық колледж студенттерінің жатақханасына жалға беру идеясы бар.

- 11 жатақхананы қамтамасыз ету міндеттемелері алға қойылған. Көріп тұрғандарыңыздай, 2-еуі аяқталуға жақын және 1 қыркүйекке дейін 2 жатақхана қолданысқа беріледі. Қалған 9 жатақханаға қаражат бөлінді. Оның 1-еуінің құрылысы басталып кеткен, - деп мәлімдеді Даниал Ахметов.

Айта кетейік, Семей қаласындағы 29 колледждің алтауында ғана жатақхана бар.

- Жатақхана мәселесі студенттің әлеуметтік жағдайына әсер етеді. Оқуға деген құлшынысына кедергі келтіреді, - дейді Семей қаласы колледждерінің бірінде оқитын студент Айым Айдарханова.

ШҚО Білім беру басқармасы мамандарының айтуынша, қайта жөндеуден өткен бұл жатақхана 350 орынға есептелген. Астыңғы қабатта ас үй бөлмелері, шаштараз, 8 жуыну кабинасы болады. Ғимаратқа қатысты құжаттар ретке келтірілгеннен кейін, баға мәселесі белгілі болмақ.

Не десе де, Елбасы Үндеуінен кейін мемлекеттік істерде сең қозғалған сияқты.

Следующая →