Усть-Каменогорск
пасмурно
+19°
  • Усть-Каменогорск
    +19°
  • Алматы
    +20°
  • Нур-Султан (Астана)
    +15°
  • Актобе
    +8°
  • Форт-Шевченко
    +17°
  • Атырау
    +12°
  • Караганда
    +17°
  • Кокшетау
    +11°
  • Костанай
    +7°
  • Кызылорда
    +26°
  • Павлодар
    +15°
  • Петропавловск
    +10°
  • Тараз
    +20°
  • Уральск
    +5°
  • Шымкент
    +20°
$
441.66
-2.48
475.14
-1.91
¥
61
-0.34
4.86
+0.01
Курсы Национального Банка РК

Звоните, если вы стали очевидцем происшествия, ваши права нарушены, или хотите поднять проблему

Өскеменде есту қабілетін қайтаратын ота жасалды

Ауруханаға есту қабілетінен айырылған ер адам жүгінген. Отаны медицина ғылымдарының кандидаты, еліміздегі жетекші лор дәрігері Ермек Иманғалиев жасады

ШҚО ауруханасына есту қабілетінен айырылған 65 жастағы ер адам келіп жүгінген. Ал оған отаны медицина ғылымдарының кандидаты, еліміздегі жетекші лор дәрігерлерінің бірі Ермек Иманғалиев жасады. Ермек Иманғалиевке ШҚО ауруханасының үздік дәрігерлері көмекші болды. Отадан кейін көзін ашқан зейнеткер оған толық өмір сүруге, балалары мен кішкентай немерелерінің күлкісін естуге мүмкіндік берген медицина мамандарына алғысын жаудырды.


Тәжірибе алмасу

Біз елордалық дәрігер-оториноларинголог Ермек Иманғалиевпен оталардың арасында кездесіп сөйлестік. Ермек Асанұлы - Астанадағы №2 қалалық аурухананың лор бөлімінің меңгерушісі. Ол өскемендік әріптестерімен кәсіби тәжірибесімен бөлісуге келген. Облыс орталығына ат басын тірегеннен бері құлақ мүкістігі бар үш науқасқа ота жасап үлгерді. Сондай-ақ, ШҚО дәрігер-оториноларингологы Сабина Хасенбаева астаналық маманның жетекшілігімен жеті адамға сәтті ота жасады.

- Хирургиялық үстелде түрлі жастағы адамдармен жүздесемін. Олардың көпшілігі бала кезінен есту қабілетінен айырылғандықтан, тек ота жолымен ғана көмектесе аламыз. Ота барысында есту ұштарының кемшіліктерін жойып, барабанды жарғағын қалпына келтіреміз. Пациент ауруынан біржола құтыла отырып, есту қабілетін де қайтарады, - дейді Ермек Иманғалиев.

Өкінішке орай, ота кей кезде сәтті болмай қалатын.

- Біз алдымызға екі мақсат қоямыз. Біріншісі, менингит және басқа да өлімге әкеп соғатын аурулардың себебі болуы мүмкін ірің ошақтарын жою. Бұл міндетке қол жеткізу қиын емес. Екінші мақсат - есту қабілетін жақсарту. Өкінішке орай, бұл әрдайым сәтті бола бермейді. Бірақ науқастардың 90%-ы отадан кейін есту қабілетін қайтарады, - дейді дәрігер.

Айта кетейік, ота күрделілігіне қарай бір сағаттан үш сағатқа дейін созылады. Ал дәрігердің айтуынша, есін жиған науқас қалпына келгенін отадан кейін бірден сезінеді.


Халыққа жақын болу

Бұндай ота түрі бұрын Алматы және Астана қалаларында ғана жасалатын. Ал өңірлерде хирургиялық көмек алып, есту қабілетін қалпына келтіру біршама қиын болған.

- Көптеген облыстарда мұндай ота түрі мүлдем жүргізілмейді. Пациенттер Алматы мен Астана қалаларына баруға мәжбүр. Тек биылдың өзінде 400-ге жуық адам құлақ аурулары бойынша хирургиялық ем қабылдамақшы. Адамдарға көмек көрсету мақсатында аймақтарға арнайы барып, дәрігерлерді дайындаймыз. Өйткені отаны жасау ғана емес, сонымен қатар, пациенттің жағдайын жарты жылдай уақыт қадағалап, отадан кейін қалпына келуін бақылау да маңызды, - дейді маман.

ШҚО ауруханасының базасында да біраз уақыттан бері құлаққа арналған күрделі оталар жасала бастады. Маманның айтуынша, бұл - тек қымбат әрі күрделі құрал-жабдықпен жүзеге асырылатын микрохирургиялық оталар. Ал Өскемендегі облыстық аурухана отаға керек құрал-жабдықпен толығымен қамтамасыз етілген. Мұнда бәрі бар. Әлеует те, сауатты мамандар да, емдеуге арналған жағдай да толық жасалған.

Ермек Иманғалиевтің айтуынша, есту-сауықтыру отасына қажеттілік күн сайын артуда. Мұндағы басты мәселе - қызметкерлердің жетіспеушілігінде. Отбасылық-дәрігерлік амбулаторияларда ғана емес, емханаларда да білікті лор дәрігерлері жоқтың қасы. Бұл - ауру санының өсуінің бірден-бір себебі.

- Отаға жүгінген адамдардың негізгі себептерінің бірі - емханаларда дер кезінде қажетті ем көрсетілмеуі. Білікті мамандар жетіспейді. Ауру ушығып, созылмалы дертке айналғанда барабанды жарғағында ақаулар пайда болады. Ал есту қабілетінің жоғалуына әкелетін жағдайды тек отамен ғана қалпына келтіруге болады, - дейді маман.

Адамның есту мүшесі емге де келмей жататын жайттар аз емес. "Сақтансаң сақтайды" деп қазақ бекер айтпаса керек. Көп жағдайда барлығы адамның тікелей өзіне байланысты. Себебі науқас ұзақ уақыт бойы дәрігердің көмегіне жүгінбей, жағдайы нашарлап кетсе, қолдан келер шара да болмайды.


Жоғалтқанды қайтару

- Иә, қызым, бәрі дұрыс. Есімді жидым, сені өте жақсы естіп тұрмын. Енді менде жаңа жарқын өмір басталды. Мен 65 жасыма дейін мұншалықты жақсы естіп кетерімді қаперіме де ілмеген едім. Бала кезімде емделмеген отит өмір бойы құлағымды ауыртып келді, - деп бірнеше сағат бұрын ота үстелінде ессіз жатқан науқас Құмар Нұқсарин журналистерге күле тіл қатты.

10 жыл бұрын дәрігерлер Құмар Кеңесжанұлына есту қабілетінің қалпына келмейтінін айтып, үмітін үзген. Осылайша ол өзінің ауруына бой ұсынып, бірде естіп, бірде естімейтін өмірін жалғастыра берген.

- Ауруым дендеп, жағдайым күрт нашарлап кетті. Облыстық ауруханаға келгенімде дәрігерлер маған портал арқылы ота жасауды ұсынды. Шынымды айтсам, үмітім аса зор емес-тін. Бірақ дәрігерлер маған көмектесетіндеріне уәде етті. Дәрігерлер сөзінде тұрып, маған ота жасады. Тіпті, мазамды алған ауруды да сезбеймін. Бәрі үшін алғысым шексіз! - дейді Құмар Кеңесжанұлы.

Айта кетейік, Қазақстанның барлық лор ауруларының 30%-ы құлақ ауруларымен байланысты. Ал Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметінше, әлемдегі адамдардың 5%-ы есту қабілетінен мүлдем айырылған.

Следующая →