Усть-Каменогорск
пасмурно
+2°
  • Усть-Каменогорск
    +2°
  • Алматы
    +6°
  • Нур-Султан (Астана)
    +2°
  • Актобе
    +3°
  • Форт-Шевченко
    +10°
  • Атырау
    +6°
  • Караганда
    -2°
  • Кокшетау
    +1°
  • Костанай
    +3°
  • Кызылорда
    +5°
  • Павлодар
    +2°
  • Петропавловск
    -4°
  • Тараз
    +7°
  • Уральск
    +4°
  • Шымкент
    +7°
$
491.71
529.97
¥
68.69
5.05
Курсы Национального Банка РК

Звоните, если вы стали очевидцем происшествия, ваши права нарушены, или хотите поднять проблему

Ернар Айдар Өскеменде қайырымдылық концертін берді

"Ертіс концерт" өңір тұрғындарын шоу-бизнес жұлдыздарымен жүздестіріп, олардың сүйікті әндерін тыңдауға мүмкіндік беруде

Ал концерттен түскен қаражат облыстағы су тасқынынан зардап шеккен аудандарға аударылмақ.

Әдетте шоу-бизнестің көздейтіні – тек қаражат. Мақсат -  қайтсе де көпшіліктің аңсарын ауғызып, концерттік залға көрерменді көбірек жинау. Залдар лық толған сайын, көздегені де жақындай түсері хақ. Ол - ақша, атақ, мансап! Әйтсе де, аты аталған дүниелердің жетегінде кетпей, адамгершілік пен мейірімділік жүректерінде ұялаған жұлдыздар да бар екен. Әсіресе, Тұрсынбек Қабатовтың "Әзіл әлемі" театры мен әнші Ернар Айдар ШҚО-да су тасып, қиын-қыстау сәт туғанда жақсылықтың жаршысы болудың үлгісін көрсетті. 

- Өскеменге түскен бетте мүмкіндігі шектеулі жандармен кездесіп, оларға арнайы ән кешін бердік. Өскеменге келместен бұрын Семей қаласында да болдық. Түскен қаражат ШҚО-дағы су тасқынынан зардап шеккен қала, аудандардағы тұрғындарға жіберіледі. Алдағы уақытта шығармашылығымда жоспарлар көп, жаңалық та бар, оны әлеуметтік желілерден көре жатарсыздар. Әзірше құпия болсын, - дейді әнші Ернар Айдар.
Иә, өзгені де ойлаған - адамдықтың белгісі. Алдағы уақытта тұрғындарды осындай қайырымдылық концерттермен мәдениет үйінде "Меломен" тобы, Майра Ілиясова, Бибігүл Төлегенова және Мақпал Жүнісова күтеді. 
- Жаппай көмек бір уақытта ғана берілмейді ғой. Көмек жыл бойы керек. Себебі су басқан үйлердің жағдайы жақсы болып кететініне аса сенбеймін. Ылғал кірген үйде тұру бәрібір қиынға соғады. "Таршылықты көрмесең, кемшілікті білмессің" демекші оны өз басымнан да өткергенмін. Бұл тек бастама. Мәселе ақшада емес. Бұл бірлескен шара - жастар, талантты жандардың "елге, жерге көмектесеміз, халықпен біргеміз" деген ойын білдіртетін өнеге, - дейді "Ертіс концерт" КМҚК-ның директоры Ғибрат Азубаев. 
Ғибрат Азубаевтың айтуынша, "Ертістің музыкасы мен әуені" бағдараламасы аясында "Ертіс концерт" гастрөлдік сапармен аймақтың әр түрлі аудандарын аралап, кеш өткізбек. Әсіресе, Аягөз және Зырян қалаларына құр алақан бармай, материалдық көмектерін де ала бармақ ниетте. 

Мәселен, 21 сәуірде өткен әнші Ернар Айдардың ән кешінің билет құны 1500-2500 теңгені құрады. 500 орындық залдан орта есеппен 1 млн теңгеге жуық пайда табады. Мәдениет үйін жалға алу бағасы 350 мың теңге болса, қайырымдылық мақсатқа бағытталған кешті Өскемен қалалық мәдениет бөлімі тегін беруде. Дегенмен, концертке келушілер қарасы бұл жолы айтарлықтай көп болмады. Әншіге, жарнама жетіспеді ме, себебін біле алмадық. 

Жалпы, билетінің құны 14 000 теңгеге бағаланып отырған алдағы "Тодес" шоу-балетінің концерттік кешіне әлден бос орын жоқ. Себебін айтпаса да түсінікті. Біріншіден, Өскемен қаласының тұрғындарының 60%-дан астамын орыс ұлты құрайды. Десе де, мейлі Қазақстан, мейлі Ресейден келетін өнерпаздардың кеші болсын, қаланың орыс тілді тұрғындары мәдениет сарайындағы концерттерге жүйелі түрде барады. Екіншіден, орыс тілді аудиторияға арналаған кез келген кештердің жарнамалары көз тартады. Сондай-ақ, өнерпаздар сол бағаға сай шоу жасайды. Демек, бағасы сапасын ақтайды. Ал қазақ тілді аудиорияның осындай концерттерге жиналуы неге мұң? Себебін "Ертіс концерт" КМҚК директоры Ғибрат Азубаев былайша түсіндірді. 
- Халық қазір өте сауатты әрі талғампаз. Халықтың сүйікті жұлдыздары келсе де, таңқалдыра алмайсыз. Сондықтан өнерпаздар өздерінің арнайы ерекше бағдарламаларымен келсе, нұр үстіне нұр болады. Шынын айту керек, тойға барып өлең айтудың өзі қазір «Азия дауысына» барғанмен тең, - дейді директор.
Дегенмен, бүгінде күйесіз қазан, қайғысыз адам жоқ. Өнер жұлдыздарының қатысуымен болатын мұндай концерттер күзге дейін жүйелі түрде жалғасын таппақ. 
Следующая →