Усть-Каменогорск
облачно
+11°
  • Усть-Каменогорск
    +11°
  • Алматы
    +15°
  • Нур-Султан (Астана)
    +8°
  • Актобе
    +8°
  • Форт-Шевченко
    +18°
  • Атырау
    +15°
  • Караганда
    +7°
  • Кокшетау
    +9°
  • Костанай
    +8°
  • Кызылорда
    +16°
  • Павлодар
    +7°
  • Петропавловск
    +8°
  • Тараз
    +15°
  • Уральск
    +11°
  • Шымкент
    +13°
$
439.4
473.54
¥
60.82
4.76
Курсы Национального Банка РК

Звоните, если вы стали очевидцем происшествия, ваши права нарушены, или хотите поднять проблему

Тальго пойызының билеттері екі есеге арзандады

"Тұлпар-Тальгоның" сегіз бағыттағы жүрдек пойыздарының билеті 50 пайызға арзандайды, деп хабарлайды "Жолаушылар тасымалы" АҚ

"Тұлпар-Тальго" жүрдек пойызына көктемгі жеңілдіктер 11 сәуір мен 31 мамыр аралығына жарияланып отыр. Жолаушылар сегіз бағыт бойынша жүретін пойыздардың билетін 25%-ға дейінгі жеңілдікпен сатып ала алады. 
- Жеңілдіктер ағымдағы жылдың 11 сәуірі мен 31 мамыры аралығында, мерекелік күндерді (27 сәуір мен 1 мамыр, 4 мамыр мен 9 мамыр аралығын) есепке алмағанда, қарастырылған, - деп хабарлайды "Жолаушылар тасымалы" АҚ-ның баспасөз қызметі.
Ал "Өскемен-1" темір жол вокзалының қызметкерлері жеңілдіктің әлі де іс жүзінде бекітілмегенін алға тартады. 
- Иә, ғаламтор желілерінде мұндай ақпараттың таралып жүргенін естідік. Әйтсе де, мекемеге нұсқаулық әлі келіп түскен жоқ, - дейді "Өскемен-1" темір жол вокзалының Құралай есімді қызметкері. 
Сонымен қатар, "Жолаушылар тасымалы" АҚ-ның мәліметінше, пойыздарда динамикалық тарифтік реттеу бағдарламасы жұмыс істейді. Ол билетті сатып алу күніне және оған деген сұранысқа байланысты билет құнының өзгеруін қарастырады. Пойыз билетін алдын ала (45 тәулікке дейін) сатып алған жолаушы базалық құнынан 35%-ға төмен сатып ала алады. 

Айта кетейік, билеттің бағасы жол жүру датасы жақындаған сайын және оған деген сұранысқа байланысты арта түседі. Осылайша, көктемгі жеңілдіктерді ескере отырып, жолаушылар 11 сәуірден бастап билетті алдын ала сатып алған жағдайда максималды 50%-ға дейінгі жеңілдікті ала алады.
Следующая →