Усть-Каменогорск
пасмурно
+10°
  • Усть-Каменогорск
    +10°
  • Алматы
    +16°
  • Нур-Султан (Астана)
    +4°
  • Актобе
    +14°
  • Форт-Шевченко
    +21°
  • Атырау
    +18°
  • Караганда
    +14°
  • Кокшетау
    +6°
  • Костанай
    +10°
  • Кызылорда
    +25°
  • Павлодар
    +7°
  • Петропавловск
    +7°
  • Тараз
    +16°
  • Уральск
    +12°
  • Шымкент
    +18°
$
442.05
+0.61
474.14
+1.05
¥
61.07
+0.11
4.74
-0.01
Курсы Национального Банка РК

Звоните, если вы стали очевидцем происшествия, ваши права нарушены, или хотите поднять проблему

Шеттен келген шикі ет қауіпті

Облысқа шет елден келген еттің құрамынан зиянды қоспалар табылуда. Ал облыстағы ет өндірушілер жыл сайын 130 тоннадан аса қой мен сиыр, тауық етін өндіреді

Облыстық қоғамдық денсаулықты сақтау департаменті дүкен сөрелерінде тұрған тауарларды сатып алып, оны зертханада тексереді. Тексеріс кезінде Ресейден келетін ет пен ет өнімдерінің құрамынан адам денсаулығына зиянды қоспалар табылған. Зерттеуге алынған құс етінің жартысына жуығы техникалық талаптарға сай емес. Бірінде салмақ үлесі қате көрсетілген болса, бірінде ол мүлдем жазылмаған, бірінің құрамынан қаптамада көрсетілмеген қоспалар табылса, тағы бірінде қазақ тілінде мәліметтер жоқ болып шыққан. 

Мәселен, биыл зертханалық зерттеуге алты ет өнімі сатып алынған. Оның ішінде екеуі - Ресейде өндірілген өнім. Көрші елдің "Микояновский ет комбинатында" жасалған "Сытные" шұжығының құрамынан денсаулыққа қауіпті бактерия - ішек таяқшасы табылған. Егер бұл шұжық жылы жерде тұрса әрі дұрыс дайындалмаса, онда ішке түсіп, адам асқазан ауруына шалдығуы мүмкін. Аталған ет комбинатының өнімдерінен былтыр да заңбұзушылықтар табылған. Мұнда да "Сытные" шұжығының құрамында шошқа еті қосылған деп көрсетілгенімен, тексеру кезінде шошқа етінің ДНҚ-сы анықталмаған. 

Одан өзге, Қоғамдық денсаулық сақтау комитетінің төрағасы Жандарбек Бекшин Ресейден келетін "Брянский бройлер", "Чебаркульская птица", "Нагайбайский птицеводческий комплекс"  кәсіпорындары шығарған еттің де құрамынан ішек таяқшаларының, асқазан микрофлорасын қоздырушы бактериялардың табылғанын хабарлаған болатын. 
- Ресейдің "Клинский ет комбинаты" өндірген "Ароматная" ысталған шұжығында таза салмағы көрсетілмеген. Ал ет өнімдерінен қауіпті қоспалар табылған жоқ, - дейді ШҚО Қоғамдық денсаулықты сақтау департаменті басшысының орынбасары Болат Қуанышбеков.
Одан өзге, облысқа құс етін тасымалдайтын алты өндірушінің өнімдеріне сұйықтықтың көп қосылғандығы белгілі болған. Соған қарағанда, тауық етіне көп су қосып, салмағын арттырған болуы керек. Әсіресе, Ресейдің "Брянский бройлер", "Чикен-Дак" компаниялары шығарған құс етінің, Белоруссия мен Венгрияда жасалған кейбір еттердің құрамында сұйықтық көп болған. 
- Өнімнің талаптарға сәйкес еместігі анықталған жағдайда, бұл өнімді саудалаушы заңды тұлғаға табылған заңбұзушылықтарды міндетті түрде жөндеу туралы ұйғарым жіберіледі. Мұндай жағдайда өнімдерді пайдалануға немесе саудалауға тыйым салынады. Ал бір тәулік өткен соң, ұйғарымның орындалған не орындалмағаны тексеріледі, - дейді Болат Ғазезұлы.
Ал көрші елден келген еттердің құрамынан заңбұзушылықтар анықталып жатқан кезде, Шығыста өндірілген тауық еттері Ресейде - Омбы мен Красноярск қалаларында сатылып жатыр. Ал экспортталған тауық еті бір жылдың ішінде 100 тоннаға өскен.

Егер 2017 жылы облыста 45 мың тоннаға жуық тауық еті өндірілсе, оның 795 тоннасы көрші елге жіберілген. Оның үстіне, өндірілген еттің көлемі жыл сайын көбейіп келеді.   
- 2016 жылы 43 мың тоннаға жуық тауық еті өндірілсе, былтыр 45 мыңға жуық ет өндірілген. Ал биыл екі айдың ішінде 7 мың тоннадан аса тауық еті өндірілді, - дейді облыстық ауыл шаруашылық басқармасының басшысы Асқар Жақыпов.
Биыл Қытай мен Ресейге, Иранға қой еті мен сиыр еті экспортталғалы отыр. Семейде Иран инвесторы салып жатқан ет комбинатының құрылысы биыл аяқталуы тиіс. Ал оған дейін тамыз айында, ет комбинаты іске қосылсын не қосылмасын, 240 тоннаға жуық сиыр етін Иранға аттандыру жоспарлануда. Бұл комбинат тәулігіне 400 сиыр мен екі мың бас қойдың етін сойып дайындай алады. 

Одан бөлек, Аягөз бен Көкпекті аудандарында да ендігі жылдың соңына дейін екі ет комбинаты салынады. Демек алдағы уақытта Шығыстың етті шет елге экспорттауға әлеуеті өседі деген сөз. 

Алайда алыс және жақын шетелден келген сапасыз еттердің орнына өз өңірімізде өсірілген мал мен құстың етімен Шығыстың нарығын толтыруға қауқарлымыз ба? Оның үстіне, өңір тұтынушылары да өзге елден келгенді емес, жергілікті кәсіпорындарды дамыту мақсатында әрі сапалы етке қол жеткізу үшін облыста шығарылған етті сатып алғанды жөн санағаны ақылға қонымды болар еді. 
Следующая →