Усть-Каменогорск
малооблачно
+11°
  • Усть-Каменогорск
    +11°
  • Алматы
    +17°
  • Нур-Султан (Астана)
    +8°
  • Актобе
    +14°
  • Форт-Шевченко
    +20°
  • Атырау
    +18°
  • Караганда
    +14°
  • Кокшетау
    +7°
  • Костанай
    +11°
  • Кызылорда
    +23°
  • Павлодар
    +9°
  • Петропавловск
    +6°
  • Тараз
    +17°
  • Уральск
    +10°
  • Шымкент
    +19°
$
443.37
+1.32
474.49
+0.35
¥
61.24
+0.17
4.83
+0.09
Курсы Национального Банка РК

Звоните, если вы стали очевидцем происшествия, ваши права нарушены, или хотите поднять проблему

Кене шағу маусымы басталды

Кене зиянсыз, бірақ олардың кейбіреулері - қауіпті, мидың қабынуы- энцефалит ауруын тасымалдаушылары

Кене энцефалиті – табиғи-ошақты инфекциялар тобына жататын, жедел өтетін жұқпалы ауру. Бұл ауру адамның түрлі ағзалары мен мүшелерін, ең алдымен, миды зақымдайды.

Шығыс Қазақстан облысы - Алматы облысы және Алматы қаласы маңайы сияқты кене энцефалитінің ең көп тарайтын аймағы. Себебі, кене энцефалиті ауруына шалдыққандардың саны республикалық орташа көрсеткіштен 2 есеге көп. Ал облыс бойынша кене энцефалитінің табиғи ошағы - Глубокое, Зайсан, Зырян, Катонқарағай, Көкпекті, Ұлан, Шемонаиха аудандары мен Риддер және Өскемен қалаларының маңайы.
- Жыл сайын иксодттық кенелер белсенділігінің артуына байланысты  мамыр, шілде, тамыз айларында тұрғындардың кене энцефалитіне шалдығу фактісі тіркеліп отырады. Ал 2018 жылы тұрғындардың кене энцефалитімен сырқаттану жағдайы тіркелмеді, - дейді ШҚО Қоғамдық денсаулық  сақтау департаменті басшысының орынбасары Гүлайым Тагаева.
Алайда, облыста кенелер белсенділігінің маусымы басталып қойған. №1 Өскемен қалалық  ауруханасына хабарласқанымызда, бүгінде қаланың 5 тұрғынының кене шағу фактісімен аталмыш ауруханаға жүгінгені белгілі болды.
- Наурыз айының басынан бері 5 қала тұрғынын кене шағып, қалалық ауруханаға тіркелген. Шағыммен келген науқастарға кенеге қарсы иммуноглобулиндік-профилактикалық екпе салынды, - дейді №1 Өскемен қалалық  ауруханасының БАҚ мониторингі маманы Динар Ақшанова.
Қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің хабарлауынша, 2017 жылдың эпидемиялық маусымында 17 жағдай 4 эндемиялық аумақтарда тіркелген. Атап айтсақ, Риддер, Өскемен қалалары мен Зайсан және Катонқарағай аудандарында орын алған. Кене энцефалиті кезінде инкубациялық кезең 3 күннен 21 күнге дейін созылады. Ауру аяқ астынан дененің қалтырап-қалшылдауымен басталады да, дене қызуы 38-39°С-қа дейін көтеріледі. Науқастың басы қатты ауырып, мазасы кетеді, өне бойы ауырып, әлсіздік бой алып, ұйқысы бұзылады, жүрегі айнып, кейде құсу белгілері болады. 
- Кене энцефалитін елемей жүре беруге болмайды. Тіпті, ауру сал ауруына шалдықтырып, мүгедектікке ұшыратып, асқынған жағдайларда адам өліп те кетуі мүмкін, - дейді Қоғамдық денсаулық сақтау департаменті басшысының орынбасары Болат Қуанышбеков.
  Қазіргі кезде кенелерді орман алқаптарында ғана емес, сондай-ақ қаланың жасыл желек аймағында да кездестіруге болады. Кене энцефалитінің эпидемиялық маусымы сәуір айынан қыркүйек айына дейін созылады, барынша белсенді болатын кезі – мамыр және маусым айының бірінші жартысы.
- Кене энцефалитінің алдын алуда ең тиімді жол - екпе, - дейді мамандар. - Кенеге қарсы вакцина вирусқа деген сезімталдығын арттырады, екпе қабылдаған адамдар сирек ауырады және ауру айтарлықтай жеңіл, асқынусыз өтеді. Кене энцефалитін жұқтыру қаупі жоғары болатын адамдар (орманшылар, геологтар, құрысшылар, жол жөндейтін жұмысшылар, топографтар және т.с.с.) міндетті тегін екпе алады. Қалған жағдайларда егу ақылы негізде жүргізіледі. Оны салдыру-салдырмау әркімнің өз еркінде. Елімізде екпе салдыруға таңдау құқығы берілгенін бұл тұста айта кеткен жөн.
Егер табиғат аясында кене шаққан жағдайда, кенені өз бетінше арнайы қысқышпен немесе пинцетпен өте мұқият алуға тырысу керек. Өйткені, кене тұмсығы денесінен үзіліп, адам терісінің астында қалуы ықтимал. Кене шаққан жерді йодпен өңдеп, егер теріде кененің тұмсығы қалып қойса, оны тікен алған сияқты шығарып алуға тырысу қажет. Шаққан кенені лақтырмай, оны  аймақтық СЭС-тің зертханасына жеткізу керек. Ол жерде энтомолог мамандар кененің қай түрге жататынын және қаншалықты қауіпті екенін анықтайтын болады.
Следующая →