Усть-Каменогорск
ясно
+17°
  • Усть-Каменогорск
    +17°
  • Алматы
    +18°
  • Нур-Султан (Астана)
    +22°
  • Актобе
    +19°
  • Форт-Шевченко
    +14°
  • Атырау
    +16°
  • Караганда
    +20°
  • Кокшетау
    +21°
  • Костанай
    +20°
  • Кызылорда
    +24°
  • Павлодар
    +15°
  • Петропавловск
    +18°
  • Тараз
    +22°
  • Уральск
    +13°
  • Шымкент
    +26°
$
443.44
+1.86
480.51
+0.51
¥
61.36
+0.17
4.88
+0.02
Курсы Национального Банка РК

Звоните, если вы стали очевидцем происшествия, ваши права нарушены, или хотите поднять проблему

Басшылардың бейресми тапсырмалары наразылық тудырды

Мемлекеттік қызметкерлер өз міндетінен тыс атқаратын жұмыстар үшін шағымдануда

Облыстағы мемлекеттік қызмет саласындағы бақылау басқармасы мемлекеттік қызметкерлер арасында арнайы сауалнама жүргізген. Сауалнама нәтижесінде қызметкерлердің 15%-ы міндетінен тыс жұмыстарды атқаратындығы үшін шағым түсірген. Бұл басшылардың ресми түрдегі емес, ауызекі тілде айтылатын тапсырмалары екен. Сондай-ақ, 54%-ы медициналық қызметтердің сапасына көңілі толмаса, 46%-ы мемлекеттік қызметкерлерге көрсетілетін медициналық қызмет сапасына шәк келтірмейді. 
- Сауалнама нәтижесіне тағы қосарым, мемлекеттік қызметкерлердің 77%-ы  өздерінің және отбасы мүшелерін медициналық қызметпен толық қамтамасыз етілгенін қалайды, - дейді ШҚО мемлекеттік қызмет саласындағы бақылау басқармасы басшысының орынбасары Ернар Ташенов.
ШҚО-ның Әдеп жөніндегі кеңес мүшелері алдағы отырыстарда мемлекеттік қызметкерлердің жұмыс уақытына байланысты регламентін ортаға салмақ. Бұл әсіресе, басшының нұсқауынсыз түнгі уақытқа дейін үйлеріне қайта алмай, жұмыс орнында отыратын қызметкерлерге қатысты болмақ. 
Следующая →