Усть-Каменогорск
малооблачно
-13°
  • Усть-Каменогорск
    -13°
  • Алматы
    +2°
  • Нур-Султан (Астана)
    -6°
  • Актобе
    -2°
  • Форт-Шевченко
    +8°
  • Атырау
    +1°
  • Караганда
    -3°
  • Кокшетау
    -9°
  • Костанай
    -7°
  • Кызылорда
    +2°
  • Павлодар
    -11°
  • Петропавловск
    -9°
  • Тараз
    -3°
  • Уральск
    +1°
  • Шымкент
    +3°
$
498.34
519.72
¥
68.79
4.85
Курсы Национального Банка РК

Звоните, если вы стали очевидцем происшествия, ваши права нарушены, или хотите поднять проблему

Жарма ауданында күн бекеті биыл салынады

Жарма ауданында екі жел электр станциясы және бір күн электр станциясы салынғалы отыр. Ал Жаңғызтөбе маңындағы күн электр бекеті биыл салынып бітпек

Егер қазіргі уақытта облыста баламалы энергия көзін игеру бойынша алты бекет салыну жоспарда болса, оның үшеуі Жарма ауданында салынбақ. Ауданның климаттық жағдайы электр қуатын өндіруге қолайлы болғандықтан, шетелдік инвесторлар бұл өңірге қызығушылық танытып отырған көрінеді. Әсіресе, Жаңғызтөбе желінің елге пайдасы тимек. Бұл өңірде жылына үш жүз күн бойы жел тұрады. Ал бұл жел - электр станциясын тұрғызуға таптырмас "байлық". 
- Испаниялық инвестор биыл Жаңғызтөбе маңындағы қуаты 30 мегаватт болатын күн электр станциясын салып бітіруді жоспарлап отыр. Құжаттарының барлығы дайын. Құрылыс салуға рұқсат алған. Күн жылынған соң, құрылыс жұмыстарын бастайды, - дейді Жарма ауданының әкімі Нұрлан Батташұлы.
Ал қалған екеуі, Жаңғызтөбе мен Шар қаласы маңындағы жел электр станциялары, 2019-2020 жылдары салынып бітпек. 
- Жаңғызтөбе кентінің жанында аймақтағы бүкіл электр желілерін бір орынға тоғыстырған ірі торап стансасы бар. Ол кеңес кезінде салынған. Бұған да инвесторлар қызығып отыр. Электр жарығын өндіретін бекеттерді осы алып станцияның жанында салу арқылы энергия тасымалдауға шығын шығармайды, - дейді аудан басшысы.
Ал баламалы энергия көздері өндірген электр энергиясын үкіметтің өзі сатып алмақ. Күн электр энергиясының бір киловаты 34 теңге болса, жел энергиясы 22 теңге, су электр энергиясы 16 теңгеден сатып алынады. 
Следующая →